Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39

Тіліңізді таңдаңыз

КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс

Ұлытау облысында психикалық денсаулық сақтау қызметіне көшпелі мониторинг жүргізілді

2026 жылғы 7 қыркүйекте Ұлытау облысында психикалық денсаулық сақтау қызметінің жұмысына көшпелі мониторинг жүргізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының 2026 жылғы 22 шілдедегі кеңес хаттамасын орындау және 2027–2030 жылдарға арналған психикалық денсаулықты қорғау жөніндегі Кешенді жоспарды әзірлеу шеңберінде ұйымдастырылды.

Жедел топтың құрамына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері кірді.

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан мониторингті Орталықтың бас директоры Алия Шайзадаевна Рустемова жүргізді.

Көшпелі мониторинг барысында психикалық денсаулық сақтау қызметі мамандарының кадрлық даярлық деңгейі, клиникалық хаттамалардың сақталуы, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, инфрақұрылымның жай-күйі және материалдық-техникалық жарақтандырылуы бағаланды.

Суицидтердің алдын алу бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы мақсатта жедел топ орта білім беру ұйымдары мен алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарына барып, мамандардың өзара іс-қимылы, қауіп факторларын ерте анықтау және профилактикалық жұмысты ұйымдастыру мәселелерін зерделеді.

Мониторинг және супервизия қорытындысы бойынша психикалық денсаулық сақтау қызметінің жұмысын жетілдіруге және түзету іс-шараларының жоспарын әзірлеуге бағытталған ұсынымдар берілді.

Көшпелі мониторингтерді өткізу көрсетілетін көмектің тиімділігін бағалауға, проблемалық мәселелерді анықтауға және өңірлік деңгейде психикалық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.