Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39

Тіліңізді таңдаңыз

КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс

Астанада психикалық денсаулық сақтау қызметіне көшпелі мониторинг жүргізілді

2026 жылғы 11 қыркүйекте Астана қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығында психикалық денсаулық сақтау қызметінің жұмысына көшпелі мониторинг жүргізілді.
Іс-шара 2027–2030 жылдарға арналған психикалық денсаулықты сақтау жөніндегі Кешенді жоспарды әзірлеу аясындағы жұмыс шеңберінде ұйымдастырылды.
Мониторингтік топтың құрамына бейінді мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығының өкілдері, оның ішінде Орталықтың бас директоры Алия Шайзадаевна Рустемова, сондай-ақ психикалық денсаулық саласының мамандары кірді.
Көшпелі мониторинг барысында мамандар психиатриялық және медициналық-психологиялық көмекті ұйымдастыруды, кадрлармен қамтамасыз етілу және мамандардың даярлық деңгейін, клиникалық хаттамалардың сақталуын, медициналық көмектің сапасын, инфрақұрылымның жай-күйін және материалдық-техникалық жарақтандырылуын бағалады.
Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, қауіп факторларын ерте анықтау, пациенттерді бағыттау және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мониторинг аясында мамандар бастапқы психикалық денсаулық сақтау орталықтарына да барып, алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде көрсетілетін көмекті ұйымдастыруды бағалауда және қызмет жұмысын одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындады.
Көшпелі мониторинг психикалық денсаулық саласындағы қолданыстағы көмек көрсету жүйесіне кешенді бағалау жүргізуге және оның сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Мониторинг нәтижелері 2027–2030 жылдарға арналған психикалық денсаулықты сақтау жөніндегі Кешенді жоспар шеңберіндегі іс-шараларды әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.