Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының (РПДҒПО) психосоматикалық бөлімшесінің меңгерушісі Сүлейменова Айгүл Ағабекқызы мемлекеттік награда — «Шапағат» медалімен марапатталды.
Марапат Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республика күні қарсаңында ұйымдастырған салтанатты іс-шарада табысталды. Бұл марапат Айгүл Ағабекқызының жоғары кәсібилігінің, адал еңбегінің және еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы болды.
РПДҒПО ұжымы Айгүл Ағабекқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, кәсіби қызметіне табыс және жаңа жетістіктер тілейді! Еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына қосып жүрген үлесі арта берсін!





