Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39

Тіліңізді таңдаңыз

КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс

Қазақстан Республикасының Республика күні

25 қазан — Қазақстан Республикасының Республика күні. Бұл — ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуын, егемендіктің нығаюын және халық бірлігін айқындайтын маңызды мемлекеттік мереке.
Республика күні қарсаңында Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында (РПДҒПО) осы мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар еліміздің тарихындағы маңызды кезеңдерді еске алып, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту, оның ішінде халықтың психикалық денсаулығын қорғау мәселелерінің маңыздылығына назар аударылды.
Мерекелік жиында денсаулық сақтау саласының дамуына және қоғамның әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес қосып жүрген, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби біліктілігі мен адал еңбегімен ерекшеленетін қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
Салтанатты рәсім аясында Орталықтың, сондай-ақ Павлодар қаласындағы филиалының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Кәсіби жетістіктері, адал еңбегі және денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
- Ситаканова Джанна Джумабаева — «Еңбек ардагері» медалімен;
- Смагулова Майгуль Женисовна — «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен;
- Матвеева Любовь Владимировна — «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен;
- Касымова Наргиз Турганжановна — «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісімен;
- Дугалова Анар Бейсембаевна — «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» медалімен;
- Мухаметжанов Орынхан Меирханович — Санжар Асфендияров атындағы медальмен;
- Садыққызы Назым, Хасанова Мариям Хакимовна, Куламанова Говхер Кенесовна және Каримова Эльмира Сериковна — Құрмет грамоталарымен;
- Ынтымакова Гульбану Оразбековна, Бердимуратова Роза Толыбаевна, Жусанбаев Канатбек Айтбаевич және Маркова Галина Николаевна — Алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік бағдарлама музыкалық қойылымдармен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шара ел бірлігін, ұлттық құндылықтарға деген құрметті және Отанға деген мақтаныш сезімін нығайтуға бағытталды.
Республика күні — Қазақстанның тарихи жолына құрмет білдірумен қатар, еліміздің болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезінуге, бейбітшілік пен келісімді сақтауға және мемлекеттің одан әрі дамуына үлес қосуға үндейтін мереке.

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ұжымы барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтайды! Еліміз өркендеп, халқымыздың бірлігі нығая берсін! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке және мол табыс тілейміз!