-
Рүстемова Әлия Шайзадақызы
Білімі және біліктілігі:
-«Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, Алматы мемлекеттік медицина институты (1992 ж.).
-«Қаржы» мамандығы бойынша жоғары экономикалық білім, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (2007 ж.).
-Медицина ғылымдарының докторы (2013 ж.).
-Денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілендіру (MBA) магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2022 ж.).
-Денсаулық сақтауды ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатына ие.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 1992 жылы терапевт-дәрігер ретінде бастаған. 1994 жылдан бастап клиникалық ординатура мен аспирантурада білім алған. 2000 жылдан бастап денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасарынан бастап өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі қызметтеріне дейінгі әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарған.
Ғылыми қызметі:
Денсаулық сақтау саласы бойынша 50-ден астам ғылыми еңбек пен жарияланымның авторы.
Марапаттары:
Келесі төсбелгілермен марапатталған:«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі - 2006 ж.;
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі - 2018 ж.;
«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі - 2020 ж.;
«Ерен еңбегі үшін» медалі - 2021 ж.
Сондай-ақ өзге де ведомстволық марапаттармен, әкімдіктің алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған.
-
Қалмақова Гаухар Амангелдіқызы
Білімі және біліктілігі:
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы. Мамандығы – экономист.
Еңбек жолы:
Қызылорда облыстық қаржы басқармасының экономисті (1996 ж.);
Қызылорда облыстық қаржы басқармасының бас экономисті, жетекші маманы, бас маманы (1996–2004 жж.);
Қызылорда облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім басшысы (2005-2017 жж.);
Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары (2017-2020 жж.);
Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы (2020-2022 жж.);
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директорының орынбасары (2023-2025 жж.);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «ҚазМедТех» АҚ департаментінің директоры (2025-2026 жж.);
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының экономикалық қызмет жөніндегі бас директордың орынбасары (2026 жылдан бастап).
-
Дәулет Мұхаметқалиұлы Байпейісов
Білімі мен біліктілігі:
«Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, Семей мемлекеттік медиицна академиясы (1997 ж.). Денсаулық сақтаудағы менеджмент бойынша дипломға дейінгі даярлық.
Іскерлік әкімшілендіру магистрі (денсаулық сақтаудағы менеджмент), Almaty Management University (2015 ж.).
Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары біліктілік санаты бар.
«ҚР денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталған (2014 ж.).
Біліктілікті арттыру:
- «Алмастырушы терапияны азаматтық және пенитенциарлық секторда пайдалану», Испания, Барселона қаласы, қазан 2016 ж.;
- «Радиациялық онкологияның жоғары технологиялық орталықтарын жұмысын ұйымдастыру», UPMC, Питтсбург, АҚШ, қазан 2013 ж.;
- «Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі скринингтік бағдарламалар мен қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру». Денсаулық сақтау және әлеуметтік әл-ауқат ұлттық институты, Хельсинки қаласы, Финляндия, мамыр 2012 ж.;
- «Аурухана менеджменті», Сеул қаласы, Оңтүстік Корея, қараша-желтоқсан 2010 ж.;
- «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу», Алматы қаласы, қыркүйек 2009 ж.;
- «Аккредитация элементтерімен медициналық қызметтердің сапасына ішкі аудитті ұйымдастырудың таңдаулы мәселелері», Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, Алматы қаласы, сәуір 2009 ж.;
- «Аурухана ісінің менеджменті», Рабин атындағы медицина орталығы, Израиль мемлекеті, қараша-желтоқсан 2006 ж.







