Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39

Тіліңізді таңдаңыз

КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс

Алматы қаласының төтенше жағдайлар және медициналық ұйымдарының қызметкерлері MSF-тің психоәлеуметтік қолдау көрсету бойынша тренингіне қатысты

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, Қызыл Жарты Айдың, Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығының және Алматы қаласындағы дағдарыс орталықтарының қызметкерлері «Шекарасыз дәрігерлер» (MSF) халықаралық медициналық-гуманитарлық ұйымы ұйымдастырған төтенше жағдайлар кезіндегі психоәлеуметтік қолдау көрсету бойынша бес күндік тренингке қатысты.

Тренингтің мақсаты — төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарға алғашқы психологиялық көмек пен психоәлеуметтік қолдау көрсету бойынша қатысушылардың практикалық дағдыларын нығайту, сондай-ақ алған білімдері мен тәжірибесін әріптестеріне одан әрі үйретуге дайындау (ToT — Training of Trainers).

Оқу барысында қатысушылар психоәлеуметтік қолдаудың практикалық әдістерін, дағдарыс жағдайларындағы тиімді коммуникацияны, стрессті басқаруды, өзін-өзі қолдау және эмоционалдық күйзелістің алдын алу тәсілдерін меңгерді.

Сонымен қатар қатысушылардың алдағы уақытта әріптестерін тиімді оқытуына мүмкіндік беретін тренингтер өткізу бойынша практикалық дағдыларды дамытуға ерекше назар аударылды.