2026 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы (ҚР ДСМ РПДҒПО) Алматы қаласында өтіп жатқан опиоидты агонистермен қолдау терапиясы (ОАТҚ) кабинеттері мамандарының ұлттық кеңесіне қатысуда.
Іс-шара «Орталық Азияда опиоидты агонистермен қолдау терапиясын кеңейту» (ExMAT-CA) халықаралық жобасы аясында өтуде. Жобаны «Ғылыми-практикалық бастамалар орталығы» қоғамдық қоры АҚШ-тағы Йель университетінің Медицина мектебінің зерттеушілер тобымен бірлесіп жүзеге асыруда.
Кеңеске Йель университетінің профессоры Фредерик (Рик) Алтис, доктор Линн Мэдден, ҚР ДСМ РПДҒПО өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның өңірлерінен келген ОАТҚ кабинеттерінің мамандары қатысуда.
Іс-шараның негізгі мақсаты: мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, опиоидқа тәуелділігі бар пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту, ОАТҚ қызметтеріне қолжетімділікті кеңейту және халықаралық тәжірибе алмасу.
Кеңес Қазақстанда ОАТҚ бағдарламасын одан әрі дамытуға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және халықаралық кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.





