25 қазан — Қазақстан Республикасының Республика күні.
Бұл мереке халқымыздың бірлігін, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, ұлттық құндылықтар сабақтастығын және болашаққа деген сенімін білдіреді.
Осы айтулы күні барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен амандық, зор денсаулық, бақ-береке және жарқын болашаққа деген сенім тілейміз. Еліміз өркендеп, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Әрбір азаматтың еңбегі мемлекетіміздің дамуы мен келешек ұрпақтың жарқын болашағына үлес қоса берсін.
Ізгі ниетпен,
Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ұжымы





