Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39
КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс
Меморандумға қол қою

Меморандумға қол қою

2025 жылғы 24 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Ресей Федерациясының ғылым академиясының И.П. Павлов атындағы Физиология институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Өмір және денсаулық туралы ғылымдар ғылыми орталығының» өкілдері қатысты.
Меморандумға қол қою – Қазақстан мен Ресей арасындағы психикалық денсаулық саласындағы ғылыми және кәсіби байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Рәсімге екі ұйымның басшылары мен мамандары қатысты. Іс-шараның ресми бөлімінен кейін тараптар болашақ ынтымақтастықтың перспективаларын талқылап, бірлескен ғылыми жобалардың нақты бағыттарын айқындады, сондай-ақ екі ел мамандарының бірлескен конференциялар өткізу, тағылымдамалар ұйымдастыру және тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастырды.
Мекемелер арасындағы өзара іс-қимыл ғылыми әлеуетті біріктіруге, кадрлық ресурстарды нығайтуға және халыққа психиатриялық көмек көрсетудің сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Ынтымақтастық туралы меморандум ғылыми диалогтың жаңа көкжиектерін ашып, психикалық денсаулық саласындағы халықаралық деңгейдегі интеграцияны дамытуға ықпал етеді.