2026 жылғы 2 маусымда Тараз қаласында өткен өңірлік конгреске ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының Психологиялық зертхана меңгерушісі Алиева Жұлдызай Мұратбекқызы қатысып, «Психологиялық қызмет және оның болашағы» тақырыбында баяндама жасады.
Конгресс барысында психологиялық қызметті дамыту, балалар мен жасөспірімдердің психикалық саулығын нығайту, отбасы институтын қолдау және жасанды интеллекттің психологиялық қызметтегі мүмкіндіктері талқыланды.
Қабылданған резолюцияда психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру, ерте диагностика мен профилактиканы дамыту, мектеп психологтарының жұмысын жетілдіру, цифрлық психологиялық сервистерді енгізу, сондай-ақ психологтардың кәсіби әлеуетін нығайту бағытындағы ұсыныстар көрініс тапты.





