«Құрметті медбикелер!
Шын жүректен, сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Халықаралық мейірбике күнімен құттықтаймыз!
Сіздердің еңбектеріңіз денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және сапалы медициналық көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады. Жоғары кәсібилік, мейірімділік, әр науқасқа деген қамқорлық және көмекке дайын болу – бұның барлығы терең құрмет пен шынайы алғысты тудырады.
Бүгін, осы маңызды күні, РПДҒПО өткен салтанатты шарада үздік мейірбикелер арнайы марапаттармен аталып өтілді. Сіздердің еңбектеріңіз қоғам үшін аса құнды және біз оны әрқашан жоғары бағалаймыз.
Өздеріңізге қажырлы еңбек, сабырлық пен адамгершілік үшін алғыс айтамыз.
Сіздерге зор денсаулық, тұрақтылық, кәсіби өсу және қоғамда лайықты құрмет тілейміз. Әрбір күні қиын жұмысыңыз сіздерге қанағаттанарлық сезімдер мен науқастардың алғыс -күлімсіреулерін әкелсін.
Құрметпен, РПДҒПО»
Жаңалықтар
