ХАБАРЛАНДЫРУ
ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК провизор лауазымына бос орын жариялайды.
Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық тұлғаларды өздерінің түйіндемелерін «Провизор» деген белгімен
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 28 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін.
Алдын ала іріктеуден өткен кандидаттар әңгімелесуге шақырылады.
Қосымша ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7 (727) 261-65-25.
Жұмыс орны: Алматы қ.
Жұмыспен қамту: толық.
Біліктілік талаптары:
- Білімі – жоғары
- Жұмыс өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
- бөлімшелерден талаптарды қабылдауды жүзеге асырады;
- дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды олардың физикалық-химиялық қасиеттеріне және белгіленген сақтау қағидаларына сәйкес босату;
- дәрігерлерді дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың болуы және қолданылуы туралы хабардар етеді;
- дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға, қабылдауға және бөлуге өтінімді ресімдеуге қатысады;
- өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға дербес жауапты, сондай-ақ олардың сақталуы мен нысаналы пайдаланылуы үшін жауапты болады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтағаны және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдағаны үшін;
- келіп түсетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сұрыптайды және олардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, сақтау орындарын айқындайды;
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ерекше топтарын сақтау жағдайлары мен режимін жасайды;
- визуалды қарап-тексеру кезінде күмән тудыратын немесе жалған және контрафактілік өнімдерді сақтауға байланысты жарамсыз болып қалған жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды алып тастауды жүзеге асырады;
- «1-С Бухгалтерия» бағдарламасында, «МАЖ» госпитальдық-ақпараттық жүйесінің бағдарламасында жұмыс істеу;
- есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді;
- ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімдері өткеннен кейін құжаттарды архивке сақтауға тапсыруға дайындайды;
- белгіленген есептілікті жасайды және бөлімшенің іс қағаздарын жүргізеді;
- медициналық әдепті, ішкі еңбек тәртібінің, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.





