Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39
КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс
Денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

«Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция медициналық технологияларды бағалау қағидаттары негізінде денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және сараптамалық пікірталастар үшін жетекші алаңға айналды.

Денсаулық сақтау технологияларын бағалау медициналық технологияның өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдеріндегі құндылығын анықтауға бағытталған пәнаралық процесті білдіреді. Бұл тәсіл денсаулық сақтаудың әділ, тиімді және тұрақты жүйесін қалыптастыруда негізгі рөл атқарады.

Конференцияның мақсаты — дәлелді және экономикалық негізделген шешімдерді енгізу арқылы медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу. Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, сондай-ақ HTAi және ISPOR халықаралық кәсіби қауымдастықтарының қолдауымен өткізілді.

РПДҒПО денсаулық сақтау саясатын жетілдіруге және ресурстарды, соның ішінде психиатрия мен психикалық денсаулық саласындағы ресурстарды ұтымды бөлуге бағытталған Конференцияның миссиясын қолдайды.

Конференцияны өткізудің жоғары деңгейі және өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ұйымдастырушыларға — «KazSPOR» денсаулық сақтау технологияларын, дәлелді медицинаны және фармакоэкономикалық зерттеулерді бағалаудың Қазақстандық қауымдастығына алғысымызды білдіреміз.»