Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39
КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс
Бас директордың Қызылорда облысына жұмыс сапары

Бас директордың Қызылорда облысына жұмыс сапары

«Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Алтынай Түкенқызы Есқалиева ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің консультанты Николай Анатольевич Негаймен бірге облыстық психикалық денсаулық орталығының нысандарын аралап, ұжыммен жұмыс кездесуін өткізді.

Сондай-ақ, А.Есқалиева «медициналық колледждегі білім беру процестерінің призмасы арқылы қолайсыз балалар тәжірибесінің салдарын алдын алу» өңіраралық семинарына қатысты. Конференцияны ұйымдастырушы Қызылорда облысының облыстық денсаулық сақтау басқармасы, колледж, Қазақстан Республикасындағы ДДҰ елдік кеңсесі. Конференцияға қатысушылар Атырау, Жамбыл,Жетісу, Қостанай, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының медициналық колледждерінің өкілдері, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, психиатр-дәрігерлер.

Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжан Ермекұлы Ысқақовпен және Қызылорда жоғары медициналық колледжінің директоры Жанар Амангелдіқызы Қалмақовамен бірлесіп колледж бойынша экскурсия өткізіліп, студенттерді оқытудың заманауи әдістемелерімен танысты.»