Жыл сайын 31 тамызда бүкіл әлемде Дүниежүзілік артық дозалану туралы хабардарлық күні атап өтіледі. Бұл күн артық дозаланудың алдын алудың, дер кезінде көмек көрсетудің және алдын алуға болатын өлім-жітім санын азайтудың маңыздылығын еске салады.
Артық дозалану, адамға дер кезінде медициналық көмек көрсетуді қажет ететін шұғыл жағдай.
Опиоидтардың артық дозалануы кезінде «Налоксон» препаратының маңызы ерекше. Налоксон опиоидтардың әсерін бөгейді және дер кезінде қолданылған жағдайда жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін адамның тыныс алуын қалпына келтіруге ықпал етеді.
Артық дозаланудың тиімді алдын алу шаралары мыналарды қамтиды:
- халықтың артық дозаланудың белгілері және мұндай жағдайда әрекет ету алгоритмі туралы хабардарлығын арттыру;
- жедел медициналық жәрдемді дер кезінде шақыру;
- налоксонның қолжетімділігін арттыру;
- мамандарды және адам өміріне қауіп төнген сәтте оның жанында болуы ықтимал адамдарды оқыту;
- көмекке дер кезінде жүгінуге кедергі келтіруі мүмкін стигманы азайту.
2026 жылы налоксонды қолдану мәселелері опиоидтық тәуелділікке және жаңа психобелсенді заттарға қатысты клиникалық хаттамаларға енгізілді. Келесі маңызды міндеттердің бірі, опиоидтардың артық дозалану қаупі бар адамдарға дер кезінде көмек көрсету үшін препараттың практикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы ЛУН Форумымен бірлесіп, артық дозаланудың алдын алуға дәлелді тәсілдерді дамытуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған мәселелер бойынша сектораралық өзара іс-қимылды нығайтуға қолдау көрсетеді.





