Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы барлық мейіргерлерді кәсіби мерекесімен құттықтайды!
Мейіргер еңбегі денсаулық сақтау жүйесінде аса маңызды рөл атқарады. Дәл осы мейіргерлер пациенттердің жағдайын үздіксіз бақылап, емдік тағайындауларды орындайды, олардың хал-жағдайын қадағалап, қажетті медициналық көмек көрсетеді.
Мейіргерлердің жұмысы кәсіби білім мен жоғары жауапкершілікті ғана емес, сондай-ақ ұқыптылықты, сабырлылықты, күрделі жағдайларда жедел шешім қабылдай білуді және әр пациентпен тіл табыса білуді талап етеді.
Мейіргерлерге емдеу процесіне қосқан үлесі, командалық жұмысы, жауапкершілігі мен өз ісіне адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, кәсіби даму және еңбектеріңізге табыс тілейміз!





