Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39

Тіліңізді таңдаңыз

КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс

Шығыс Қазақстан облысында мониторинг

2026 жылғы 1–2 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында психикалық денсаулық орталығының қызметіне көшпелі мониторинг жүргізілді.

Мониторинг ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының 2026 жылғы 22 шілдедегі 2027–2030 жылдарға арналған психикалық денсаулықты қорғау жөніндегі Кешенді жоспарды әзірлеу мәселелері бойынша кеңес хаттамасын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Жедел топ құрамына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және ҚР ДСМ Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығының өкілдері кірді.

Сапар барысында мамандар:

  • кадрлардың кәсіби даярлық деңгейін;
  • диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамаларының сақталуын;
  • көрсетілетін медициналық көмектің сапасын;
  • инфрақұрылымның және материалдық-техникалық базаның жай-күйін;
  • психикалық денсаулық сақтау қызметінің жұмысын ұйымдастыру деңгейін бағалады.

Анықталған проблемалық мәселелер мен оларды шешудің ықтимал жолдары Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен талқыланды.

Өңірлерге жүргізілетін мониторинг барысында анықталатын жүйелі мәселелердің басым бөлігі 2027–2030 жылдарға арналған психикалық денсаулықты қорғау жөніндегі Кешенді жоспар жобасы шеңберінде шешу үшін көзделген.

Жедел топтың жұмысы жалғасуда. Келесі мониторингтік сапарлар Абай облысына, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына жоспарланған.