Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығы сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!
1991 жылы қол жеткізген қасиетті Тәуелсіздік — халқымыздың еркіндікке деген асқақ рухының, бірлігі мен табандылығының жемісі. Осы жылдар ішінде Қазақстан дербес, бейбіт әрі өркениетті мемлекет ретінде әлемге танылды.
Еліміздің көк байрағы биікке желбіреп, аспанымыз әрдайым ашық болсын! Тәуелсіз еліміздің дәулеті артып, береке-бірлігі нығая берсін. Әр шаңыраққа амандық, молшылық пен тұрақтылық тілейміз.
Қазақ елі мәңгі жасай берсін!





