2026 жылғы 7 тамызда Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының базасында Қазақстан Республикасы Психикалық денсаулықты қорғау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыс психикалық денсаулық қызметінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларына арналды.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының басшылығы, өңірлік Психикалық денсаулық орталықтарының басшылары, сондай-ақ салалық сарапшылар мен мамандар қатысты.
Отырыс барысында психикалық денсаулық қызметінің бірінші жартыжылдықтағы қызмет қорытындылары, амбулаториялық, стационарлық және медициналық-әлеуметтік оңалту көмегін ұйымдастыру мәселелері, психикалық денсаулық қызметін, наркологиялық және токсикологиялық көмекті дамыту жөніндегі Жол карталарының іске асырылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2027–2030 жылдарға арналған психикалық денсаулықты қорғау жөніндегі кешенді жоспарының жобасы қаралды.
Қатысушылар оңалту жүйесін дамыту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және медициналық-әлеуметтік оңалту көмегінің сапасын одан әрі арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында психикалық денсаулықты қорғау қызметін одан әрі дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірленіп, тиісті шешімдер қабылданды.





