Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39

Тіліңізді таңдаңыз

КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы мен Қытайдың Ұлттық психикалық денсаулық орталығы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында (РПДҒПО) Қытайдың Ұлттық психикалық денсаулық орталығының делегациясымен кездесу өтті.
Сапар Қазақстан мен Қытай арасындағы психикалық денсаулық сақтау саласындағы кәсіби диалог орнатуға, тәжірибе алмасуға және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылауға мүмкіндік берді.
Қытайдың Ұлттық психикалық денсаулық орталығының делегациясын Оқыту және ақпараттық-ағартушылық қызмет бөлімінің директоры Чу Сяохань басқарды. Делегация құрамына қоғамдастық деңгейіндегі оңалту, психикалық бұзылыстардың алдын алу және емдеу, сондай-ақ қоғамдық психологиялық қызмет бағыттарының мамандары кірді.
Кездесуді құттықтау сөзбен ашқан РПДҒПО бас директоры Алия Рүстемова екі елдің ұлттық орталықтары арасында тікелей кәсіби байланыстар орнатудың маңыздылығын атап өтті.
Орталық өкілдері Қытай делегациясын Қазақстандағы психикалық денсаулық сақтау ұлттық жүйесін дамытудың негізгі бағыттарымен, сондай-ақ РПДҒПО-ның клиникалық, ғылыми-білім беру және ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметімен таныстырды.
Кездесу барысында психикалық денсаулық сақтау саласындағы заманауи сын-қатерлерге ерекше назар аударылды. Қазақстанда медициналық көмек көрсету жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде пациентке бағдарланған модельді дамыту, мамандандырылған көмектің қолжетімділігін арттыру, психоәлеуметтік оңалтуды күшейту, балаларға, жасөспірімдер мен жастарға көрсетілетін көмекті дамыту, сондай-ақ суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жүйесін жетілдіру бағыттары қамтылған.
Сапар аясында Қытайдың Ұлттық психикалық денсаулық орталығының қызметі таныстырылды. Кездесуге қатысушылар тәжірибе алмасып, психиатриялық және психологиялық көмекті ұйымдастырудың өзекті тәсілдерін талқылады.
Сонымен қатар ғылыми зерттеулер, білім беру бағдарламалары, мамандар даярлау, қоғамдастық деңгейіндегі көмекті дамыту және психикалық денсаулық сақтау саласына заманауи ғылыми негізделген тәсілдерді енгізу бағыттарындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және Қазақстан мен Қытайдың бейінді ұйымдары арасында тәжірибе алмасуға мүдделілік білдірді.