Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39
КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс
Cadap 8 консорциумының өкілдерімен жұмыс кездесуі

Cadap 8 консорциумының өкілдерімен жұмыс кездесуі

2026 жылғы 29 маусымда Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында құрамына FIAP (Испания), CIVIPOL (Франция) және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) кіретін CADAP 8 консорциумының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты есірткі тұтынумен байланысты бұзылушылықтары бар адамдардың профилактикасы, емдеу және оңалту жөніндегі шараларды нығайтуға бағытталған CADAP 8 бағдарламасын іске асырудың жаңа кезеңі шеңберінде ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылау және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің қажеттіліктеріне бағалау жүргізу болды.

Кездесу барысында қатысушылар өзекті сын-тегеуріндерді және одан әрі бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады, олардың арасында мыналар атап өтілді:

🔹 жаңа психикаға белсенді әсер ететін заттардың таралуының өсуі және мамандарды есірткі тұтынумен байланысты бұзылушылықтардың жаңа түрлерімен жұмыс істеуге дайындау қажеттілігі;

🔹 эпидемиологиялық мониторинг жүйесін жетілдіру және есірткіні қолданудың таралуына ұлттық зерттеу жүргізу;

🔹 халықаралық ұсынымдарға сәйкес налоксонға қолжетімділікті кеңейтуді қоса алғанда, есірткі тұтынумен байланысты бұзылушылықтарды емдеудің ғылыми негізделген бағдарламаларын енгізу және дамыту;

🔹 наркологиялық көмек көрсету сапасының халықаралық стандарттарын енгізу;

🔹 профилактикалық және емдеу шараларының тиімділігін бағалау үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және талдамалық құралдарды дамыту;

🔹 мамандарды оқыту, халықаралық тәжірибе алмасу және өңірлік білім беру іс-шараларын өткізу үшін мүмкіндіктерді кеңейту.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар CADAP 8 бағдарламасы шеңберінде одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады.