Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39
КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс
Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

Бүгін Қазақстанның барлық медицина қызметкерлеріне – дәрігерлерге, мейіргерлерге, фельдшерлерге, зертханашыларға, санитарларға және азаматтарымыздың денсаулығын күн сайын күзететін барлық мамандарға шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.

Психикалық денсаулық сақтау қызметінің мамандарына, республикадағы психикалық денсаулық орталықтарының барлық қызметкерлеріне ерекше алғыс білдіремін.

Сіздердің жұмыстарыңыз тек кәсіби білім мен тәжірибені ғана емес, сонымен қатар ерекше сезімталдықты, төзімділік пен рухани күшті қажет етеді. Күн сайын сіздер адамдарға өмірлік қиындықтарды жеңуге, дағдарыстарды еңсеруге, үміт сақтауға және толыққанды өмірге оралуға көмектесесіздер.

Бүгінгі таңда психикалық денсаулықтың мәні қоғам үшін айқын бола бастады, ал сіздердің еңбектеріңіз барған сайын сұранысқа ие және маңызды бола түсуде.

Кәсіпке адалдықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз және немқұрайлылық танытпағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, амандық, рухани тепе-теңдік, кәсіби табыстар мен жаңа жетістіктер тілеймін.

Мерекелеріңізбен! Медицина қызметкері күні құтты болсын!

Бас директор РПДҒПО, Рүстемова Әлия Шайзадақызы.