ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК «Бас директордың клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары» лауазымына бос орын жариялайды.
Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық мүдделі тұлғаларды өздерінің түйіндемелерін «Бас директордың клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары» деген белгімен
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 30 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін.
Алдын ала іріктеуден өткен кандидаттар әңгімелесуге шақырылады.
Қосымша ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7 (727) 261-65-25.
Жұмыс орны: Алматы қ.
Жұмыспен қамту: толық.
Біліктілік талаптары:
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім;
«Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті беру туралы куәлік немесе «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (қайта даярлау) туралы куәлік;
тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты;
республикалық, облыстық маңызы бар ұйымдар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) үшін денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда еңбек өтілі кемінде 3 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
1. Денсаулық сақтау ұйымының өзіне қарасты құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне басшылықты қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын, көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын жүйелі бақылауды ұйымдастырады.
2. Ұйымның емдеу-диагностикалық қызметін жоспарлау бойынша ұйымдастыру жұмысын, ұйымның емдеу қызметін талдауды, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеуді және бағалауды жүзеге асырады.
3. Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
4. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
5. Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтер нормаларының сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды қамтамасыз етеді. Халықты санитариялық-гигиеналық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлайды және қамтамасыз етеді.
6. Медицина кадрларының еңбегін ұтымды орналастыру мен ұйымдастыруды, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін дамытуды қамтамасыз етеді.
7. Статистикалық есеп жүргізуді және ұйым қызметі туралы есеп беруді ұйымдастырады.
8. Тиімді басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысады, қызметтің даму процесін бағалау және мониторингілеу нәтижелері бойынша менеджмент сапасын бағалауды қамтамасыз етеді; жұмыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдайды, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізеді.
9. Стратегияны таңдайды және ұйымның даму басымдықтарын айқындайды, мақсаттарға жету әдістерін айқындайды, мақсаттар таңдауды негіздейді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің даму жоспарының стратегиялық мақсаттарын, міндеттері мен іс-шараларын орындауын мониторингілеу жөніндегі, жылдық операциялық жоспардың, даму жоспарының және ұйымның даму стратегиясының (стратегиялық жоспарының) орындалуы туралы есептерді қалыптастыру жөніндегі қызметті одан әрі даму перспективаларының ұсыныстарымен басшылыққа ұйымның стратегиялық даму мәселелері бойынша басқарушылық шешімдердің жобаларын ұсынады.
10. Кадр саясатын қалыптастыруға және жүргізуге, персоналды басқару және дамытуға және еңбек қатынастарын реттеуге қатысады.
11. Өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасайды, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастырады.
12. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді.
13. Еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін, медициналық этиканы дамытуға, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын орындауға, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауға ықпал етеді.





