ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК денсаулық сақтау менеджері (медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша) лауазымына бос орын жариялайды.
Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық мүдделі тұлғаларды өздерінің түйіндемелерін «Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша денсаулық сақтау менеджері» деген белгімен
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 12 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін.
Алдын ала іріктеуден өткен кандидаттар әңгімелесуге шақырылады.
Қосымша ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7 (727) 261-65-25.
Жұмыс орны: Алматы қ.
Жұмыспен қамту: толық.
Біліктілік талаптары:
- «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім; тиісті мамандық бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік.
- Мемлекеттік кәсіпорындарда, денсаулық сақтау жүйесінде, медициналық қызметпен байланысты ұйымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Қазақ және ағылшын тілдерін меңгеру құпталады.
- Орындаушылық, мақсаттылық, бастамашылдық, оқу қабілеті.
- Іскерлік қарым-қатынас тәжірибесі және шиеленісті жағдайларды шешудің жоғары қабілеті.
Лауазымдық міндеттері:
1. Ұйымда сапа менеджментін дамытудың жалпы тұжырымдамасын қалыптастыруға, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға байланысты мәселелер бойынша сертификаттау, стандарттау, лицензиялау жөніндегі органдармен және консалтингтік фирмалармен өзара іс-қимыл жасауға қатысады.
2. Сапасыз емделуден пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
3. Медициналық көрсетілетін қызметтерді ұтымды пайдалануға және дәрілік терапияны тағайындауға мониторинг және бақылау жүргізеді, медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптаманы жүзеге асырады және денсаулық сақтау ұйымында сараптамалық қызметті ұйымдастырады.
4. Медицина персоналын ынталандыру жүйесін әзірлеуге қатысады, медициналық қызмет көрсету сапасының индикаторларын айқындайды, медицина персоналының сапаны арттыруға қосқан үлесінің деңгейін бағалайды.
5. Қанағаттану мәніне пациенттерге сауалнама жүргізеді, пациенттердің шағымдарын басқарады.
6. Оқыс оқиғаларды тіркеу жүйесін енгізу және басқару.
7. Клиникалық және басқару салаларындағы индикаторлар түріндегі қызмет туралы ақпаратты жинау және жүйелеу, ақпаратты агрегаттау және талдау (оқыс оқиғалар туралы индикаторлар мен есептер), басшылыққа сапа менеджменті жүйесінің процестері мен нәтижелілігі туралы есептер мен басқарушылық шешімдер жобаларын ұсыну.
8. Сапа менеджменті жүйесінің процестері бойынша персоналмен консультациялық және әдіснамалық жұмыс.
9. Бөлімшелерді ішкі тексеру жоспары мен бағдарламаларын жасау, медициналық ұйым бөлімшелерінің ішкі аудиттеріне қатысу, аудит нәтижелерін мүдделі тараптарға жеткізу.
10.Ұйымның ұлттық және/немесе халықаралық аккредиттеуге дайындығын жүргізу.





