ХАБАРЛАНДЫРУ
ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК заң кеңесшісі бос орнына хабарландыру жариялайды.
Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық мүдделі тұлғаларды өздерінің түйіндемелерін «Заң кеңесшісі» деген белгімен
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 24 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін.
Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер әңгімелесуге шақырылады.
Қосымша ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7 (727) 261-65-25.
Жұмыс орны: Алматы қ.
Жұмыспен қамту: толық.
Біліктілік талаптары:
- Білімі – жоғары
- Еңбек өтілі – 3 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
1) құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады;
2) ұйымдағы құқықтық жұмысқа әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, құрылымдық бөлімшелер мен қоғамдық ұйымдарға әртүрлі құқықтық құжаттарды дайындау мен ресімдеуде құқықтық көмек көрсетеді, шағымдар қабылданбаған кезде негізделген жауаптарды дайындауға қатысады;
3) ұйымның өзге де бөлімшелерімен бірлесіп ұрлық, жымқыру, жетіспеушілік, сапасыз, стандартты емес және жинақталмаған өнім шығару, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманы бұзу және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдарды оларды төрелік сотқа, тергеу және сот органдарына беру үшін дайындайды, өндірістегі және орындалуы аяқталған сот және төрелік істерді есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады;
4) шарттық, қаржылық және еңбек тәртібін нығайту, ұйым мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
5) ұйымның анықталған кемшіліктерін жою және шаруашылық-қаржылық қызметін жақсарту туралы ұсыныстарды әзірлеу мақсатында шағымдарды, сот және төрелік істерді қарау нәтижелерін, шаруашылық шарттарын жасасу және орындау практикасын зерделеуді, талдауды және қорытуды жүргізеді;
6) шаруашылық шарттарын жасасу, олардың құқықтық сараптамасын жүргізу, ұжымдық шарттар мен салалық келісімдердің талаптарын әзірлеу, сондай-ақ дебиторлық және кредиторлық берешек туралы мәселелерді қарау жөніндегі жұмысқа қатысады;
7) құрылымдық бөлімшелердің шағымдарға жауап дайындау үшін анықтамаларды, есептеулерді, түсініктемелерді және өзге де материалдарды уақтылы ұсынуын бақылайды;
8) заманауи ақпараттық технологиялар мен есептеу құралдарын қолдану негізінде анықтамалық құжаттаманы дайындайды;
9) ұйымның қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер, кері қайтарып алуға түсетін нормативтік актілердің жобалары бойынша қорытындыларды дайындауға қатысады;
10) ұйым қызметкерлерін қолданыстағы заңнама және ондағы өзгерістер туралы хабардар етуді, ұйымның лауазымды адамдарын олардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілермен таныстыруды жүзеге асырады;
11) ұйым қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де заң мәселелері бойынша консультация береді, қорытындылар дайындайды, құжаттар мен мүліктік-құқықтық сипаттағы актілерді ресімдеуге жәрдемдеседі.





