ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК статист дәрігері лауазымына бос орын жариялайды.
Түйіндемені
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 30 қараша, жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін.
Алдын ала іріктеуден өткен кандидаттар әңгімелесуге шақырылады.
Жұмыс орны: Алматы қ. Жұмыспен қамту: толық.
Біліктілік талаптары
Жоғары білім; жұмыс өтілі – 3 жыл.
Лауазымдық міндеттері
- Кәсіпорынның статистикалық деректерін жинау, жинақтау және талдау, есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу;
- Психикалық денсаулық сақтау және статистикалық талдау саласындағы озық тәжірибе мен инновациялық технологияларды зерделеу және талдау;
- Психикалық денсаулық сақтау қызметі мен Кәсіпорынды дамытудың жыл сайынғы және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысу;
- Нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобаларын дайындауға қатысу;
- Кәсіпорын бөлімшелеріне әдіснамалық көмек көрсету; олардың нормативтік-құқықтық актілерді сақтауына қатысты ақпаратты жинау және талдау;
- Медициналық құжаттаманың жүргізілу сапасын және бөлімшелердің статистикалық деректерінің дұрыстығын тексеру;
- Статистикалық есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге қатысу;
- Орталықтың міндеттері мен функциялары шеңберінде семинарларды, кеңестерді және өзге де іс-шараларды дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
- Есептілікті ұсынуды қамтамасыз ету; құжаттарды белгіленген сақтау мерзімі өткеннен кейін архивке тапсыруға дайындау;
- Өз біліктілігін арттыру.
Қосымша ақпарат: +7 (727) 261-65-25.





