ХАБАРЛАНДЫРУ
ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК санитар лауазымына бос орын жариялайды.
Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық тұлғаларды өздерінің түйіндемелерін «Санитар» деген белгімен
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 21 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін.
Алдын ала іріктеуден өткен кандидаттар әңгімелесуге шақырылады.
Қосымша ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7 (727) 261-65-25.
Жұмыс орны: Алматы қ.
Жұмыспен қамту: толық.
Біліктілік талаптары:
- Білімі – жалпы орта (1-сыныптан 11/12-сыныпқа дейін).
- Жұмыс өтілі – талап етілмейді.
Лауазымдық міндеттері:
- ауысымды қабылдау (тегі бойынша, ерекше байқауда тұрған науқастардың жалпы саны, жай-күйінің қысқаша сипаттамасы, палаталардың, науқастардың санитарлық жағдайы, палаталарда жұмсақ мүкәммалдың есебін жүргізу және оларды ауысым бойынша тапсыру);
- байқау палатасындағы науқастарды асханаға, дәретханаға алып жүру.
- науқастарға күтім жасауды жүзеге асырады: іш киім мен киімді ауыстыру;
- аға мейіргерге дәрі-дәрмектерді, құралдарды, жабдықтарды алуға және оларды бөлімшеге жеткізуге көмектеседі;
- мейіргердің басшылығымен науқастардың серуендеуге сараланған шығуы, оларды бақылау;
- шаруа бикесіне жылыту, сумен жабдықтау, кәріз жүйесіндегі және электр аспаптарындағы ақаулар туралы хабарлайды;
- науқастарға жүйелі байқау жүргізеді;
- негізгі жұмысты орындаудан бос уақытта өз постында болуға, палата мейіргерінің рұқсатынсыз жұмыс орнынан шықпауға, науқастарды жүйелі түрде бақылауға тиіс. Ұйқы құқығынсыз жұмыс істейді;
- науқастарды тамақтандыруға қатысады (палатада, асханада). Курьер функцияларын орындайды;
- санитариялық-гигиеналық ережелердің орындалуын бақылайды (қолды, аяқты жуу, жуындыру және т.б.);
- ҚР заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
- бөлімшені ағымдағы жөндеуге қатысады (әктеу, сырлау және т.б.);
- бөлімшеде өткізілетін кіші медицина персоналына арналған біліктілікті арттыру сабақтарына қатысады;
- науқастарға деген қарым-қатынасы сыпайы, дұрыс болуы керек, әдепсіздікке жол бермеуі керек, қозған науқастарды ұстауға қатысуы керек, сонымен бірге оларға ауырсыну мен зақым келтірмеуі керек.





