Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық тұлғаларды өздерінің түйіндемелерін «Санитар» деген белгімен
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 19 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін.
Алдын ала іріктеуден өткен кандидаттар әңгімелесуге шақырылады.
Қосымша ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7 (727) 261-65-25.
Жұмыс орны: Алматы қ.
Жұмыспен қамту: толық.
Біліктілік талаптары:
- Білімі – жалпы орта (1 сыныптан 11/12 сыныпқа дейін).
- Жұмыс тәжірибесі – талап етілмейді.
Лауазымдық міндеттері:
- Ауысымды қабылдау және тапсыру (науқастардың тегі бойынша жалпы саны, ерекше байқауда, науқастардың жай-күйінің қысқаша сипаттамасы, палаталардың санитариялық жай-күйі, палаталарда жұмсақ мүкәммалдың есебін жүргізу және оларды ауысым бойынша тапсыру).
- Дене жарақаттарын қарап-тексеріп, қабылдау бөлмесінен науқастарды қабылдау, науқасқа санитариялық өңдеу жүргізуді бақылау. Олардың анықталуы туралы палата мейіргеріне хабарлайды.
- Бөлімшеде науқас қайтыс болған жағдайда қайтыс болған мәйіттерді прозекторлық бөлімге беруге қатысады.
- Санитариялық нормаларға сәйкес үй-жайларды жинауды жүргізеді, науқастарға күтім жасауды: киім-кешек пен киім ауыстыруды, дәрет ыдысын беруді, тазалауды жүзеге асырады.
- Бөлімше меңгерушісімен, аға мейіргермен және шаруа бикесімен бірлесіп бөлімшені аралауға қатысады.
- Аға мейіргерге дәрі-дәрмектерді, құралдарды, жабдықтарды алу және оларды бөлімшеге жеткізу кезінде көмектеседі.
- Кір киімді, шаруашылық мүкәммалын және жуу құралдарын шаруа бикесінен алады және дұрыс сақтау мен пайдалануды қамтамасыз етеді.
- Жылыту, сумен жабдықтау, кәріз жүйесіндегі және электр аспаптарындағы ақаулар туралы шаруа бикесіне хабарлайды.
- Әр тамақтан кейін жатқан науқастардың төсек үстелдерін тазалайды.
- Палата мейіргерінің нұсқауы бойынша науқастарды емдеу-диагностикалық кабинеттерге, науқастарды байқау палатасынан асханаға, дәретханаға алып барады.
- Науқастарды тамақтандыруға қатысады (палатада, асханада).
- Санитариялық-гигиеналық ережелердің (қолды, аяқты жуу, шомылу және т.б.) орындалуын бақылайды.
- Іш киімдер мен төсек-орындарды ауыстыру.
- Бөлімшені ағымдағы жөндеуге қатысады (әктеу, сырлау және т.б.).
- Палата мейіргерінің басшылығымен науқастардың серуендеуге сараланған шығуын жүзеге асырады, мәдени және спорттық сабақтарға тартады және оларды бақылайды.
- Кіші медицина персоналына арналған бөлімшеде өткізілетін сантехникалық минимум және біліктілікті арттыру бойынша сабақтарға қатысады.
- Негізгі жұмысты орындаудан бос болған жағдайда өз постында болуға, палата мейіргерінің рұқсатынсыз жұмыс орнынан шықпауға тиіс.





