Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39

Тіліңізді таңдаңыз

КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК психолог лауазымына бос орын жариялайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК психолог лауазымына бос орын жариялайды.

Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық мүдделі тұлғаларды өздерінің түйіндемелерін «Психолог» деген белгімен Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. пошта мекенжайына жіберуге шақырамыз.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 10 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін.

Алдын ала іріктеуден өткен кандидаттар әңгімелесуге шақырылады.

Қосымша ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7 (727) 261-65-25.

 

Жұмыс орны: Алматы қ.

Жұмыспен қамту: толық.

Біліктілік талаптары:

  1. Білімі – жоғары
  2. Жұмыс өтілі – 2 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

  • психикалық денсаулықты қалпына келтіруге және пациенттердің жеке басының дамуындағы ауытқуларды түзетуге бағытталған білікті психологиялық көмек көрсетеді.
  • пациенттің жеке басының үйлесімді дамуына кедергі келтіретін немесе оны қиындататын жағдайларды анықтайды.
  • психологиялық профилактика, психологиялық оқу-ағарту, психологиялық түзету, психологиялық консультация беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, сол арқылы пациенттерге, олардың туыстары мен медицина персоналына жеке, кәсіптік және тұрмыстық психологиялық проблемаларды шешуде көмек көрсетеді.
  • патопсихологиялық тетіктер мен патогендік мінез-құлық стереотиптеріне негізделген психикалық бұзылушылықтардың қауіп факторлары бар адамдарға ерекше назар аудара отырып, пациенттерге психологиялық-диагностикалық зерттеулер мен диагностикалық бақылаулар жүргізеді.
  • жүргізілетін психологиялық, емдік және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалайды.
  • шұғыл жай-күйлер болғанда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.
  • психологиялық диагностика мен психологиялық түзетудің заманауи әдістерін практикаға енгізеді;
  • басқа мамандармен және қызметтермен психологиялық профилактика мен оңалту мәселелері бойынша ынтымақтасады;
  • өз жұмысын жоспарлайды және өз жұмысының көрсеткіштерін талдайды;
  • психологиялық есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді;
  • өзінің еңбек міндеттерін орындауына байланысты белгілі болған Кәсіпорынның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиясын құрайтын ақпаратты жария етпейді;
  • Кәсіпорынның еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі қағидаларын сақтайды;
  • өзінің біліктілігін және кәсіби білім деңгейін жүйелі түрде арттырып отырады.