Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88    Call-центр: +7 (727) 272 48 32 , +7 (727) 261 32 39
КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК
Ресми интернет-ресурс

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК Оттегі технигі бос орнына хабарландыру жариялайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК Оттегі технигі бос орнына хабарландыру жариялайды.

Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық мүдделі тұлғаларды өздерінің түйіндемелерін «Оттегі технигі» деген белгімен Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған. пошта мекенжайына жіберуге шақырамыз.

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 24 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін.

Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер әңгімелесуге шақырылады.

Қосымша ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7 (727) 261-65-25.

 

Жұмыс орны: Алматы қ.

Жұмыспен қамту: толық.

Біліктілік талаптары:

  1. Білімі – жалпы орта (1 сыныптан 11/12 сыныпқа дейін).
  2. Еңбек өтілі – 2 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

1. Кәсіпорынның үздіксіз оттегімен қамтамасыз етілуін, оттегі жабдықтарының, бақылау-өлшеу аспаптарының сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

 2. нұсқаулыққа сәйкес оттегі жабдығының экономикалық және сенімді жұмыс режимін жүргізу, оттегі баллондарының түзетілуін бақылауды жүзеге асыру, белгіленген жұмыс режимін қатаң сақтау, аспаптар мен манометрлердің көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру, оттегі жабдығын тексеру.

3. оттегі жабдығын пайдаланудың дұрыстығын сақтау және бақылау, оттегі баллондарын тиеу мен түсіруді жүзеге асыру, авариялар мен зақымданулардың алдын алу бойынша оттегі станциясының дұрыс техникалық пайдаланылуын және тиісті жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету.

4. Бекітілген жоспарларға және орындалу сапасына сәйкес жөндеудің уақтылы жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру.

5. техникалық құжаттаманы және белгіленген есептілікті дұрыс жүргізуді ұйымдастыру, реципиенттің ауысымдық журналдағы қысым көрсеткіштерінің жазбасын жүргізу, оттегі болмаған, жүйеде оттегі қысымы төмендеген және басқа да авариялық жағдайларда дереу шаруашылық бөлімінің басшысына, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісіне, ал түнгі уақытта және мереке күндері жауапты кезекші дәрігерге хабарлайды.

6. шаруашылық бөлімінің басшысына жұмысқа қажетті материалдарды сатып алуға өтінімді уақтылы ұсыну.