ХАБАРЛАНДЫРУ
ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК емшара мейіргері бос орнына хабарландыру жариялайды.
Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық мүдделі тұлғаларды өздерінің түйіндемелерін «Емшара мейіргері» деген белгімен
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 24 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін.
Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер әңгімелесуге шақырылады.
Қосымша ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7 (727) 261-65-25.
Жұмыс орны: Алматы қ.
Жұмыспен қамту: толық.
Біліктілік талаптары:
- Білімі – техникалық және кәсіптік
- Еңбек өтілі – 3 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
1) Алдын ала дайындалған кабинетте дәрігердің тағайындауы бойынша, асептика және антисептика ережелерін сақтай отырып, кабинеттің санитарлық жағдайын үнемі бақылай отырып, манипуляцияларды орындау.
2) Рәсімдер мен манипуляцияларды жүргізу технологиясын қатаң сақтау.
3) Рәсімдерді жүргізуге байланысты асқынулар туралы дәрігерге хабарлау.
4) Диагностикалық зерттеулер, венесекция үшін көктамырдан қан алу, аллергиялық сынамалар жүргізу, науқастың ауыр жағдайы кезінде манипуляция жүргізу.
5) Дәрілік заттардың дұрыс сақталуын қамтамасыз ету. Оларды жұмсау шамасына қарай есепке алу және есептен шығару, кабинет үшін дәрі-дәрмектерге және басқа да жұмсалатын материалдарға талаптар беру, кабинетті бір реттік және таңу материалдарының жиынтығымен жарақтандыру.
6) Бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне және тамшылатып құюды, тері астына инъекцияларды, аллергиялық сынамаларды, қан алмастырғыштарды құюды жүргізу.
7) Тазалап жинауды тіркеуді, кварцтау режимін, тоңазытқыштың температуралық режимін есепке алуды жүргізу.
8) Гепатит пен АИТВ жұқтырған науқастардың, медициналық манипуляциялармен байланысты асқынулардың есебін жүргізу, асқынуды тоқтату, дәрігерге хабарлау.
9) Өз рөліне сәйкес алғашқы медициналық көмек, реанимациялық іс-шараларды көрсету, қажет болған жағдайда басқа бөлімшенің емшара мейіргерін алмастыру.
10) Емшара кабинетіне бекітілген санитардың жұмысын бақылау.
11) Есепке алу-есептік медициналық құжаттаманы жүргізеді.
12) Медициналық әдепті, ішкі еңбек тәртібінің, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтайды.
13) Кәсіпорынның еңбек міндеттерін орындауына байланысты белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиясын құрайтын ақпаратты жария етпеу.





