ХАБАРЛАНДЫРУ
ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК аға ғылыми қызметкер бос орнына хабарландыру жариялайды.
Біліктілік талаптары қоса беріледі. Барлық мүдделі тұлғаларды өздерінің түйіндемелерін «Аға ғылыми қызметкер» деген белгімен
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 24 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-ге дейін.
Алдын ала іріктеуден өткен үміткерлер әңгімелесуге шақырылады.
Қосымша ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7 (727) 261-65-25.
Жұмыс орны: Алматы қ.
Жұмыспен қамту: толық.
Біліктілік талаптары:
- Білімі – жоғары
- Еңбек өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
- оқу-білім беру циклдарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
- атқарылған жұмыс туралы есеп жасау үшін өткізілген оқыту бойынша деректерді жинауды және талдауды ұйымдастыру;
- құжаттаманы жүргізу сапасын және оқытушылар ұсынатын деректердің дұрыстығын тексеру;
- бөлімнің перспективалық, ағымдағы және өзге де, оның ішінде бірлескен жоспарларын әзірлеуге қатысу;
- денсаулық сақтаудың ғылыми және практикалық қызметкерлерімен бірлесіп білім беру процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге қатысу;
- семинарлар, кеңестер, конференцияларды дайындауға және өткізуге қатысу;
- жүргізілген жұмыс туралы есептерді белгіленген мерзімде жасап, оларды басшыға ұсынады;
- ішкі тәртіп, медициналық этика, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау;
- өзінің біліктілігін арттыру.





