ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

Біз туралы

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – РПДҒПО) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсынады, нысаны – стационарлық, түрі – республикалық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек. Қабылдауды санаты бар мамандар жүргізеді.

Клиникалық база 340 төсекке есептелген (200 төсек – Алматы қаласындағы РПДҒПО-да, 140 төсек – Павлодар қаласындағы филиалда, мұнда әлемдегі жетекші елдердің осы секілді мекемелерінің ең заманауи стандарттарға сай келетін қолданыстағы терапия әдістері жетілдіріліп, жаңа емдеу технологиялары енгізіледі).    

Психиатрия, психотерапия және наркология саласында РПДҒПО-да профилактикалық, консультациялық-диагностикалық ем, медициналық-әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелді адамдарға қызмет көрсетілетін РПДҒПО филиалында (Павлодар қаласы) қосымша еңбекке үйретумен, оңалту бағдарламаларын жүзеге асыру процесінде алынған ауылшаруашылығы өнімін, жеңіл өнеркәсіп өнімін өндірумен және сатумен байланысты әлеуметтік-оңалту қызметі жүзеге асырылады.



РПДҒПО-ға емдеуге жатқызу өңірлік денсаулық сақтау органдарының жолдамалары бойынша Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша республикалық деңгейде мамандандырылған медициналық көмектің бөлінген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Орталықта емдеу ақылы негізде де ұсынылады.



Толығырақ

Жаңалықтар

Барлығын көру

Науқастардың пікірлері

ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК (Алматы)

Без имени
ҚР ДМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры Н.Негайға Өтініш Құрметті Николай Анатольевич! Мен, Тұрғали Жұмабек Аманжолұлы 1995 жылы 9 маусымда Атырау облысы, Мақат ауданы, Макат поселкесінде өмірге келдім ИИН 950609350748. Көп балалы отбасында тәрбиеленіп, ер жеттім. Анамыз жалғыз өзі тұмсықтыға шұқытпай, қанаттыға қақтырмай, жоқшылық көрсетпей тәрбиелеп өсірді.Жастайымнан спортпен шұғылданып келемін, осы өмірлік хоббиымды жалғастыру мақсатында Алматы қаласындағы Спорт академиясы жанындағы Спорт колледжіне оқуға түстім.Үш курс оқуымды сәтті аяқтап, соңғы курста яғни 2015 жылы оқу ақысын төлей алмай қиыншылықтарға тап болдым, соның салдарынан күйзеліске ұшырап сырқаттанып қалған болатынмын. Сырқатымды емдеу мақсатында алғашында қазақ емге қаралдым, одан кейін нәтиже болмағасын медицинаға жүгінуге бел будым. Осы мақсатпен Атырау облыстық психикалық аурулар орталығына есепке тұрып ем алдым, одан әрі мені емімді жалғастыру үшін ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК жіберді. Осы мекеменің білікті мамандарының арқасында толықтай емделіп шықтым. Содан бері бес жыл уақыт өтті, осы жылдар аралығында денсаулығым өте жақсы, дәрі-дәрмек қабылдамамаймын, тұрғылықты жерім бойымша дәрігерге қаралып, анализдерді уақытында тапсырып тұрамын. Былтыр үйленіп отбасылы болдым, келіншегім химия пәнінің мұғалімі, бақытты отбасымыз. Қазіргі уақытта менің мақсатым психикалық есептен шығып ресми түрде еңбекке араласып, табыс тауып, оқуымды аяқтап, маман атанып отбасымды бақытты ету. Осы мақсатта барлық қолымнан келгенше жұмыс жасап келемін. Ойымды қорыта келе Сізден емделгенім жөніндегі қағазымды сұраймын (выписка или результат лечения) және де Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Құрметпен, Тұрғали Жұмабек Аманжолұлы 25.01.2020 жыл

ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК (Алматы)

Без имени
Прекрасно.
Барлығын көру

Байланыс

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88
Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу