КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ"ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ. ПСИХОӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕР"


Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы Сізге өзінің құрметін білдіреді және "ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ. ПСИХОӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕР"халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын қатысуға шақырады.

Өткізу орны: «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» КЕАҚ Төле би көш., 94.,Алматы қ., Қазақстан.

Осы конференцияның мақсаты - ғылыми жетістіктермен алмасу және психиатрия, наркология, психотерапия және клиникалық психологияның өзекті мәселелерін талқылау.

Өткізу форматы: күндізгі (эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болған жағдайда конференция толығымен қашықтық форматқа ауыстырылады). 

Конференция тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға: С.Ж.Асфендияров ҚазҰМУ-дың әріптес ЖОО-лары қатысуды жоспарлап отыр, ҚР ДСМ және ҚР БҒМ өкілдері, Дүниежүзілік психиатриялық қауымдастықтың басшылығы, Орталық Азия елдерінің бас психиатрлары, шетелдік ғалымдар мен дәрігерлер, психикалық денсаулық сақтау қызметінің өңірлік ұйымдарының делегациялары, ҚР медициналық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы және барлық мүдделі тұлғалар.

Ұйымдастырушылар:

1. «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» КЕАҚ

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК

3. «Қазақстан Республикасының психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы» РҚБ.


программа

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу