КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

Әкімшілік-басқару блогы

Қуаныш Сағатұлы Алтынбеков

– бас директор


Білімі мен біліктілігі:

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, Семей мемлекеттік медицина академиясы (СММА) (2005 ж.).

«Психиатрия және наркология» мамандығы бойынша СММА интернатурасы (2005-2006 жж.). 2008 жылы Ресей медицина ғылымдарының академиясы Сібір бөлімшесі Томск ғылыми орталығының Психикалық денсаулық ғылыми-зерттеу институты мемлекеттік мекемесінде кандидаттық диссертациясын қорғаған. 

Әлеуметтік гигиена және денсаулықты ұйымдастыру мамандығы бойынша бірінші біліктілік санатындағы дәрігер.

40 ғылыми жұмысы бар, оның 18-і шетелдік басылымдарда жарияланған, 1 монографиясы бар.

Біліктілікті арттыру:

- «Ғылыми зерттеулер менеджменті» циклі бойынша Вирджиния достастық университеті, Ричмонд, АҚШ, 15 қазан-16 қараша 2007 жж.;

- Kauno klinikos Литва денсаулық ғылымдары университетінің ауруханасында психикалық денсаулық саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, Каунас қаласы, Литва, 10-29 мамыр 2015 ж.;

- «Денсаулықты нығайтудың өзекті мәселелері және аурулар профилактикасы» циклі бойынша «әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, 02 маусым-02 шілде 2016 жж., 216 сағат;

- «Психиатрияның, психотерапияның және наркологияның өзекті мәселелері» мамандығы бойынша Қазақстан-Ресей медицина университеті, 07-19 қараша 2016 ж., 108 сағат:

Word

PDF


Дәулет Мұхаметқалиұлы Байпейісов –

бас директордың стратегиялық даму жөніндегі орынбасары


Білімі мен біліктілігі:

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, Семей мемлекеттік медиицна академиясы (1997 ж.). Денсаулық сақтаудағы менеджмент бойынша дипломға дейінгі даярлық.

Іскерлік әкімшілендіру магистрі (денсаулық сақтаудағы менеджмент), Almaty Management University (2015 ж.).

Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

«ҚР денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен марапатталған (2014 ж.).

Біліктілікті арттыру:

- «Алмастырушы терапияны азаматтық және пенитенциарлық секторда пайдалану», Испания, Барселона қаласы, қазан 2016 ж.;

- «Радиациялық онкологияның жоғары технологиялық орталықтарын жұмысын ұйымдастыру», UPMC, Питтсбург, АҚШ, қазан 2013  ж.;       

- «Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі скринингтік бағдарламалар мен қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру». Денсаулық сақтау және әлеуметтік әл-ауқат ұлттық институты, Хельсинки қаласы, Финляндия, мамыр 2012 ж.;

- «Аурухана менеджменті», Сеул қаласы, Оңтүстік Корея, қараша-желтоқсан 2010 ж.;

- «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу», Алматы қаласы, қыркүйек 2009 ж.;

- «Аккредитация элементтерімен медициналық қызметтердің сапасына ішкі аудитті ұйымдастырудың таңдаулы мәселелері», Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, Алматы қаласы, сәуір 2009 ж.;

- «Аурухана ісінің менеджменті», Рабин атындағы медицина орталығы, Израиль мемлекеті, қараша-желтоқсан 2006 ж.


Есимов Наби Болатович - 

бас директордың клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары



Білімі

- 2016 – 2019 «ҚДСЖМ» ҚМУ, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантура (орыс тілінде, республикалық білім беру гранты бойынша), Алматы, Қазақстан

- 2013 – 2015 ҚазҮББМУ, «6RIII600 Психиатрия» мамандығы бойынша резидентура (орыс тілінде, республикалық білім беру гранты бойынша), Алматы, Қазақстан; «психиатр» дәрігерінің біліктілігі берілді, ҚР резидентурасын бітіргені туралы 17.08.2015 ж. №0002608 куәлік, тіркеу нөмірі №132

- 2012 – 2013 Халықаралық бизнес университеті, «Менеджмент» мамандығы бойынша MBA (Master of Business Administration) (орыс тілінде), Алматы, Қазақстан; «Іскерлік басқару магистрі» академиялық дәрежесі берілді, ЖООК-М дипломы, 04.04.2013 ж. №0035759, №43 хаттама 

- 2012 – 2013 жж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «051101 Емдеу ісі» мамандығы бойынша интернатура (қазақ тілінде, республикалық білім беру гранты бойынша), Алматы, Қазақстан; «Терапевт» дәрігерінің біліктілігі берілді, интернатура бітіргені туралы 28.06.2013 ж. ИК №0024652 куәлік, тіркеу нөмірі №435

- 2006 – 2012 жж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (бакалавриат), «051101 Емдеу ісі» мамандығы (қазақ тілінде, республикалық білім беру гранты бойынша), Алматы, Қазақстан; «Дәрігер» біліктілігі берілді, 25.06.2012 ж. ЖБ №0011748 дипломы, №10 хаттама

- Дәл осы ЖОО-да 2008-2011 жж. аралығында «Медициналық рота дәрігері» мамандығы бойынша әскери даярлық кафедрасында (қазақ тілінде, республикалық білім беру гранты бойынша) оқудан өтті, онда взвод командирі болды, лейтенант атағына ие (2013 жылдан бастап).

- 1995 – 2006. №12 көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы (қазақ тілінде, бюджет бойынша), Алматы, Қазақстан

25 астам ғылыми еңбектері жарияланған.

Біліктілікті арттыру

- 20.11.2023 – 02.12.2023: "Психиатрия" мамандығы бойынша "БМСК дәрігерінің тәжірибесіндегі шектік бұзылулар. Дифференциалды диагностика мәселелері" циклі бойынша біліктілікті арттыру, 120 сағат көлемінде, 02.12.2023 ж. №1720 біліктілікті арттыру туралы куәлік, "Қазақстан-Ресей медицина университеті" КеББМ, Алматы қ.

- 23.10.2023 – 27.10.2023: ҚР-дағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Миссиясының Психикалық денсаулық және психикалық-әлеуметтік қолдау департаментінің басшысы, шетелдік сарапшы Хосе Мария Фрейренің «Балалар неврологтары, нейрофизиологтар, психиатрлар және психотерапевтер қоғамы» ҚБ қатысуымен «Нейропсихология негіздері» тақырыбындағы дәрістер мен семинарлар курсы бойынша оқытудан сәтті өтті, сертификат № 2023-4.4-1757, Астана қ.

- 08.09.2023 – 09.09.2023: Next Step жыл сайынғы семинарының қатысушысы, Будапешт қ., Венгрия

- 19.07.2023: 4 сағат көлемінде «Клиникалық хаттамаларды енгізу және оларды практикалық денсаулық сақтауда қолдану мониторингі» семинарына қатысушы, №9949 сертификат, Астана қ.

- 23.06.2023: «Zaman» Оқу орталығы» ЖШС ұйымдастырған ҚР еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша оқыту бағдарламасын сәтті аяқтады, сертификат №СК263/01, Алматы қ.

- 05.06.2023 – 06.06.2023: Ауғанстанмен көршілес елдердегі есірткі проблемасынан зардап шеккен ауғандықтар мен қабылдаушы қауымдастықтар арасынан қоныс аударған адамдардың профилактикасы, емдеу және оларға күтім жасау мәселелері жөніндегі өңірлік семинардың қатысушысы, 16 сағат көлемінде, Алматы қ.

- 25.03.2023 – 28.03.2023: 31-ші Еуропалық психиатрия Конгресінің қатысушысы, Париж, Франция

- 09.01.2023 – 27.01.2023: Caspian University Winter School 2023-те педагогика саласындағы мәселелер бойынша біліктілікті арттыру (сертификат) №000790123221, 120 сағат көлемінде, Алматы қ.



Азамат Майлыбекұлы Оспанов –

бас директордың экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары


Білімі мен біліктілігі: 

  «Банк ісі» мамандығы бойынша жоғары экономикалық білім, Банк ісі академиясы, 2008 ж.

  «Қаржы» мамандығы бойынша екінші жоғары білім, Қазақстан-Америка университеті, 2011 ж.

Біліктілікті арттыру:

  - «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарын әзірлеу, сондай-ақ оны түзетудің және өзгерістер енгізудің ерекшеліктері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру сертификаты, 2014 ж.;

- «Мемлекеттік сатып алуларды өзгерістермен және толықтырулармен жүзеге асыру қағидалары», 2014 ж.


Қамар Самалбекқызы Дәулетова – бас мейіргер


«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша Қызылорда медицина училищесі, 1992 ж.

«Психолог» мамандығы бойынша «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық инстиуты, 2005 ж.

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатта Республикалық жоғары медицина колледжінде 2016 жылдан бастап білім алуда. 

Жалпы медицина өтілі – 24,5 жыл.

Жоғары біліктілік санаты бар.

Біліктілікті арттыру:

- «Инфекциялық бақылаудың өзекті мәселелері», 108 сағат, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің медицина факультеті, 2016 ж.;

- «Медициналық ұйымда мейіргерлік қызметті құқықтық реттеу», 54 сағат, Қазақ ұлттық университеті қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің медицина факультеті, 2017 ж.


Наталья Николаевна Логачева – аға дәрігер


Жоғары біліктілік санаттағы психиатр-дәрігер, тәуелсіз сарапшы. Орталықтың құрылымдық бөлімшелері арасындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асырады, емдеу-диагностикалық қызметті жоспарлау жөніндегі ұйымдастырушылық жұмысты үйлестіреді, пациенттерге көрсетілетін мамандандырылған көмектің тиімділігін арттыру үшін медицина персоналы жұмысының қазіргі түрлері мен әдістерін жетілдіру және жаңасын енгізуді қамтамасыз етеді, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруды, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін адамдар қауымдастығының мүшесі болып табылады.  

Білімі және біліктілікті арттыру:

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша Қырғыз мемлекеттік медицина институтын 1979 жылы тәмамдаған. «Психиатрия» мамандығы бойынша интернатурада алғашқы маманданудан өткен.

Жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, психиатрия, наркология, сот-психиатриялық сараптама, тәуелсіз сараптама бойынша постдипломдық даярлық курстарында үнемі білімін жетілдіріп отырады.

Психиатрия сласында 50-ге жуық ғылыми-практикалық мақалалары бар, психикалық бұзылушылығы бар пациенттермен практикалық клиникалық жұмыс тәжірибесі жоғары. Психиатрия, наркология, сот-психиатриялық сараптама мәселелері бойынша doctor.kz ресурсы арқылы консультация беруді белсенді жүзеге асырады.


Әйгерім Ермаханқызы Жүсіпәлиева – бас бухгалтер


Білімі мен біліктілігі:

«Математика мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білім – Халықаралық қазақ-түрік университеті, математика факультеті, 2006 ж.

«Есеп және аудит» мамандығы екінші жоғары білім, Каспий қоғамдық университеті, экономика және бизнес факультеті, 2016 ж.

Біліктілікті арттыру:

- «Даму жоспары және Даму жоспарының орындалуы туралы жаңа форматтағы есеп», 18 сағат, Алматы қаласы;

- «Әлеуметтік-еңбек саласында қаржы-шаруашылық қызметті жүргізу»,       40 сағат, Астана қаласы.

 Жұмыс тәжірибесі:

- 2007-2008 жж. «Казкоммерцбанк» АҚ сату бөлімінің маманы;

- 2009 ж. қазаннан бастап ҚР ДСМ «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама  және  мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік  кәсіпорнында (СЭСМҒПО) инженер-программист;

- 2010 ж. шілдеден бастап СЭСМҒПО-ның экономика және жоспарлау бөлімінде экономист;

- 2010 ж. қазаннан бастап СЭСМҒПО-ның экономика, жоспарлау және мемлекеттік сатып алулар бөлімінің меңгерушісі;

- 2011 ж. сәуірден бастап  ҚР ДСМ «Мүгедектерге арналған республикалық клиникалық госпиталь» РМҚК-нің (ОСМРКГ) мемлекеттік сатып алулар жөніндегі маманы;

- 2012 ж. сәуірден бастап ОСМРКГ-де бас экономист;

- 2014 ж. бастап «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК (РППНҒПО) экономист;

- 2015 ж. қаңтардан бастап РППНҒПО бас экономист;

- 2017 ж. шілдеден бастап бүгінгі уақытқа дейін «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК-нің бас бухгалтері.




Дәрігердің қабылдауына жазылу Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу