КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Құрметті әріптестер!


Құрметті әріптестер!

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығымен бірлесіп, 2021 жылғы 1-2 шілдеде Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының қатысуымен онлайн форматта ғылыми –практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр. Конференция тақырыбы "Шизофрениямен ауыратын науқастарды оңалту және емдеу (клиникалық, әлеуметтік және бейімделу аспектілері)".

Конференция бағдарламасында эндогендік психикалық ауруларды емдеудің заманауи тенденциялары, психикалық денсаулықты сақтау саласындағы жан-жақты көмектің заманауи тәсілдері, психокоррекциялық бағдарламалар талқыланады.

Қызығушылық танытқан барлық психикалық денсаулық сақтау қызметі ұйымдарының мамандарын қатысуға шақырамыз!

Контакты: Ходжахмедова Айгерим, специалист отдела научного образования и менеджмента Республиканского научно-практического центра психического здоровья.

 тел.:  +7 708 008 01 05


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу