КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

Есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы қалай алуға болады?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі - № 49 бұйрық) «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығының мәліметтерін ұсыну» және «Наркология» психикалық денсаулық орталығының мәліметтерін ұсыну» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидалары бекітілді.

№ 49 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – қызмет беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – қызметті алушы) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушы портал арқылы электронды сұраныс жолдайды, онда «жеке кабинетте» қызметті алушыға хабарлама – мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген сұраныстың қабылданғаны туралы есеп жіберіледі, бұл жағдайда қызмет беруші «электронды үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді алады (№ 49 бұйрықтың 3-тармағы).

Сондай-ақ, есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы алу үшін eGOV mobile ұялы қосымшасын, «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ (ХҚКО), www.egov.kz сайтын, Telegram Бот EgovKzBot2, VK – eGov.kz парақшаларын пайдалануға болады. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу