КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

- Ерлердің клиникалық бөлімі

Ерлер клиникалық бөлімшесі

Ерлер клиникалық бөлімшесі РПДҒПО – ның клиникалық емдеу-диагностикалық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімшеде жіті және созылмалы психотикалық, ауыр депрессиялық, қияли, органикалық бұзылыстар кезінде кәсіби медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі.

Бөлімше қызметінің бағыттары:

•        шұғыл (жедел) психиатриялық көмек көрсету;

•        стационар шеңберінде жоспарлы диагностикалық, емдеу-профилактикалық және оңалту психиатриялық көмек көрсету;

•        әскери қызметшілерге зерттеп-қарау жүргізу;

•        пациенттермен және олардың туыстарымен консультациялық жұмыс;

•        психологиялық консультация беру және түзету.

Қызметтер:

Бөлімше қызметкерлері амбулаториялық және стационарға емдеуге жатқызу кезінде консультация беруді жүзеге асырады. Бөлімшеде клиникалық зерттеулер, психотерапиялық, психотүзету және оңалту жұмыстары, сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің, Қазақстан-Ресей медицина университетінің психиатрия және наркология кафедраларының ғылыми қызметкерлерінің (медицина ғылымдарының профессорлары, доценттері, докторлары, кандидаттары) консультациялары жүргізіледі.

Бөлімше 35 орынға арналған. Бөлімшеде пациенттерге деген қамқорлық пен мейірімді қарым-қатынас атмосферасы жасалған.

Бөлімше ұжымы:

Біліктілігі жоғары санатты психиатр.


Тәжірибесі 1999 ж.

Білімі мен біліктілігі:

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім (1999);

Қырғыз-Ресей Славян университетінде кандидаттық диссертация қорғауы (2012 ж.) «Аралас мазасыздық пен депрессиялық бұзылыстары бар адамдарда темекіге патологиялық құмарлықтың клиникалық және психопатологиялық ерекшеліктері».

AGIUV (2003), РПН Республикалық ғылыми-практикалық орталығы (2007-2016, 2019 ж.).

Мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан үнемі өтеді.



Сейтжанова Айгерім Қайратқызы – ординатор - дәрігер. Жұмыс тәжірибесі 2018 жылдан бастап


"Білімі: Жоғарғы

2010 – 2015 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (бакалавриат), «Жалпы медицина» факультеті 

2015 – 2017 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша интернатура.

2017 – 2019 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Психиатрия» мамандығы бойынша резидентура 


Каменская Анастасия Николаевна - ординатор - дәрігер. Жұмыс тәжірибесі 5 жыл

Білімі: 2016 ж.

2009 – 2014 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (бакалавриат), «Жалпы медицина» факультеті 

2014 – 2016 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Терапия» мамандығы бойынша интернатура

2016 – 2019 ж. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Психиатрия» мамандығы бойынша резидентура" 


Махпирова Захидам Ярмухаметовна – аға мейірбике. Жұмыс тәжірибесі 1989 ж. бастап

Білімі: Арнайы-орта

1986 – 1989 г. Талғар медицина училищесі, мамандығы – мейірбике

- ординатор-дәрігер.                                                                                                                                  

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу