Нашақорлардың орташа жасы қандай? Адам жасы тұтынатын есірткі түріне (синтетика, табиғи текті) байланысты ма?
Ресми наркологиялық есепте тұратын, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланудан туындаған психикалық, мінез-құлық бұзылулары бар адамдар арасында негізгі жас 40-45 жасқа тура келеді. Бұл топты негізінен апиындарға тәуелді адамдар құрайды.
Синтетикалық есірткілерге («спайстар», «тұздар») тәуелді адамдар арасында негізгі жас 30-35 жасқа; ұшқыш ерітінділерге тәуелді адамдар арасында негізгі жас 20-25 жасқа тура келеді.