КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

Миссия, көрініс, құндылықтар

Миссия.  

Халықаралық стандарттарға сәйкес алдын алуға, диагностикалауға, емдеуге, оңалтуға,  психиатриялық және наркологиялық көмектің сапасын арттыруға және қолжетімділігіне  бағытталған мемлекеттік саясатты және іс-шараларды тиімді іске асыру арқылы республика  азаматтарының менталды денсаулығын нығайту.  

Көрініс.  

Ғылыми, клиникалық және білім беру практикасының үлгілі инфрақұрылымы мен интеграциясы  бар Орталық Азия өңірінің психикалық денсаулық саласындағы жетекші ғылыми орталығы.  

Қызмет қағидаттары.  

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – РПДҒПО)  қызметінің қағидаттары (бұдан әрі – Қағидаттар) Орталықтың озық ғылыми-практикалық орталық  болып қалыптасуының ажырамас бөлігі болып табылады.  

Қағидаттар халықаралық стандарттарға сәйкес психикалық денсаулық қызметтерінің сапасы мен  қолжетімділігін арттыру жөніндегі Миссияны қолдауда сенімді негіз болып табылады.  

РПДҒПО-ны одан әрі озық модельге айналдырудағы Қағидаттардың маңызды рөліне байланысты  басшылық күнделікті қызметтегі Қағидаттарды қолдайды және ұстанады.  

1. Жоғары сапа мен көшбасшылық – қызметті жүзеге асыру кезінде ең жоғары сапаға қол жеткізуге  және денсаулық сақтау саласындағы озық стандарттарды сақтауға деген ұмтылысты көрсетеді.  2. Инновация және креативтілік – қызметтің барлық аспектілерінде жаңа серпінді идеяларды  құруға және қолдануға ашықтықты, сондай-ақ кадрлардың зияткерлік әлеуетін барынша ашу үшін  жағдайлар қалыптастыруды көрсетеді.  

3. Жауапкершілік пен сенімділік – халықтың, қызметкерлердің, мемлекеттің күтулерін іске асыруға  және орнықты дамуға бағытталған.  

4. Сыйластық – психикалық және мінез-құлық бұзылулары бар адамдар мен олардың  отбасыларының физикалық, эмоционалдық, психологиялық жағдайына құрмет көрсетуді  көрсетеді.  

5. Адалдық пен ашықтық – мүдделі тараптар мен тұлғалар алдында ашықтық пен объективті есеп  беру саясатын көрсетеді.  

6. Үйлесімділік пен бірлік – біртұтас мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудегі қызметтің барлық  компоненттері мен процестерінің синергиясын көрсетеді.

Дәрігердің қабылдауына жазылу Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу