ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

- Тәуелділіктерді емдеу бөлімшесі

Тәуелділіктерді емдеу бөлімшесі (бұдан әрі – ТЕБ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының (бұдан әрі – РПҒПО) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

ТЕБ клиникалық емдеу-диагностикалық бөлімше болып табылады. Бөлімше ҚР барлық өңірлерінен аддиктивті мінез-құлықтың әртүрлі нысандарымен (химиялық, химиялық емес тәуелділіктер) 18 жастан асқан ер мен әйел пациенттерді стационарлық тексеруді, емдеуді, оңалтуды жүзеге асырады.

ТЕБ С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және Қазақстан-Ресей медицина университетінің психиатрия кафедрасының клиникалық және оқу базасы, сондай-ақ интернатура мен резидентурадан өту базасы болып табылады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационар жағдайында психикалық белсенді заттарды пайдалану, құмар ойындарға зиянды әуестену нәтижесінде психикалық және мінез-құлық бұзылуларынан зардап шегетін 18 жастан асқан халыққа консультациялық көмек көрсетеді.

Сонымен қатар, бөлімше бекітілген прейскурантқа сәйкес шаруашылық есеп негізінде медициналық қызметтерді ұсынады.


Тәуелділіктерді емдеу бөлімшесінің меңгерушісі


Қасымова Наргиза Турганжановна 

Бірінші санатты психиатр дәрігер

Жұмыс тәжірибесі 2010 жылдан бастап

Білімі және біліктілігі:

- С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бітірген, емдеу ісі, 2010 ж.

- «Аутизм – мәселелер. Мақсаттар. Мәселелерді шешу». Сәуір 2019, Алматы

- Ғылыми-тәжірибелік вебинар: «Шизофренияны диагностикалау мен емдеудің заманауи принциптері». Сәуір 2021 ж., Алматы қ.

- «Менталды денсаулық және COVID 19 пандемиясы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Маусым 2020 ж., Алматы

- «Балалар психиатрының тәжірибесіндегі мінез-құлық және эмоционалдық бұзылуларды емдеудің әртүрлі тәсілдері» тақырыбындағы семинар. Қараша 2021 ж., Астана қ.

- Психикалық белсенді заттарды пайдаланумен байланысты бұзылуларды емдеудің әмбебап бағдарламасы (UTC) бойынша наркология мамандарына арналған оқу курсы. 2021 жылғы шілде

- «Менталды денсаулық және COVID 19» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Қазан 2021 ж. Алматы

- Біліктілікті арттыру: «Пандемия кезінде медицина қызметкерлерінің эмоционалды күйіп қалуының алдын алу және түзету». Наурыз 2022 ж. Алматы

- Біліктілікті арттыру: «Психикалық және неврологиялық бұзылуларға, сондай-ақ алғашқы медициналық санитарлық желі ұйымдарында психикалық белсенді заттарды пайдаланумен байланысты бұзылуларға байланысты көмек көрсету бойынша MhGAP нұсқаулығын енгізу». Мамыр 2022 ж. Алматы

Мамандығы бойынша үнемі біліктілікті арттырудан өтеді.


Ординатор дәрігер


Цой Людмила Владимировна

Психиатр дәрігер

Жұмыс тәжірибесі 2019 жылдан бастап

Білімі және біліктілігі: 

– ҚР ДСМ «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК 2012-2017 жж. – жалпы медицина бакалавры.

– «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ 2017-2019 жж. – терапевт дәрігер біліктілігі.

- С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті. 2019-2021 жж. –психиатр дәрігер біліктілігі.

- «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК 2022 ж. – «Сенсорлық интеграция ерекше қажеттіліктері бар балалармен түзету-дамыту жұмысының тиімді әдістерінің бірі ретінде. Дәлелді тиімділігі бар тәжірибе (72 сағат)».

- «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК 2022 ж. – «Эндогендік және экзогендік психикалық бұзылулар (120 сағ)».

Мамандығы бойынша үнемі біліктілікті арттырудан өтеді.


Аға мейіргер 



Кулжабекова Чынара Бейшекеевна, жоғары біліктілік санаты

Жұмыс тәжірибесі 1988 жылдан бастап

Білімі және біліктілігі: 

- Қырғыз КСР Денсаулық сақтау министрлігінің Пржевальск медициналық училищесі. 1985-1988 ж. – жалпы бейінді медбике

- Алматы қалалық жоғары медициналық колледжі. 2019-2021 ж. – бакалавр

- Мейірбике ісі – 2017 ж.; РМК, Алматы қ. – 108 сағ.

- Психиатриядағы мейірбике ісі – 2018 ж. - РМК, Алматы қ. – 2018 ж.

- Төтенше жағдайлар кезінде көрсетілетін шұғыл көмек және практикалық дағдылар – РМК, Алматы қ. – 2018 ж.

- Емшара кабинетінің медбикесі қызметінің өзекті аспектілері - РМК, Алматы қ. – 2020 ж.

Мамандығы бойынша үнемі біліктілікті арттырудан өтеді.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу