ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

Жұмысқа немесе оқуға қабылданғанда «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» 075/е нысанын алу үшін психиатр және нарколог дәрігердің қорытындысын алу қажет пе?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманың нысандарын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес бұрын қолданыста болған 086/е нысаны 075/е нысанына өзгертілді.

№ 075/е нысанына сәйкес қандай да бір кәсіптік қызметте жағымсыз салдардың алдын алу үшін, тексерілушіде жұмыстарды орындауға қарсы көрсетілімдердің болуын немесе болмауын анықтау үшін қажетті нарколог пен психиатрдың қорытындылары көзделеді. 

075/е нысанын алу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптары болып табылады. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу