ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

- Медициналық қызметтердің сапасын бақылау қызметі

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ПҚжІАс) Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының (бұдан әрі – РПДҒПО) медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жөніндегі қызметін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі.
          ПҚжІАҚ қызметінің бағыты – медициналық қызметтердің сапасын арттыру және қатерлерді барынша азайту.
          ПҚжІАҚ негізгі міндеттері:
1) РПДҒПО-дағы диагностика, емдеу және әлеуметтік-оңалту қызметінің сапасын жақсарту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу, енгізу және тиімділігін бағалау;
2) РПДҒПО-да жүзеге асырылатын процестерді денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестік мәні бойынша бағалау
3) РПДҒПО-ны ұлттық және/немесе халықаралық аккредитация рәсіміне дайындауға қатысу;
4) медициналық құжаттаманың ұлттық және/немесе халықаралық аккредитация стандарттарына сәйкестік мәніне сараптама жүргізу;
5) қызметке жасалған талдау нәтижелері бойынша жұмыстағы олқылықтарды болдырмауға және жоюға бағытталған және диагностика мен емдеудің сапасы мен тиімділігі арттыруға ықпал ететін іс-шаралар әзірлеу;
6) РПДҒПО пациенттерінің қажетті көлемде уақтылы сапалы психиатриялық көмек алуына қатысты олардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) азаматтардың сапасыз көрсетілген медициналық көмекке қатысты өтініштері мен шағымдарын қарау жұмысын үйлестіру;
8) сапа менеджменті жүйесінің процестері бойынша РПДҒПО-ның құрылымдық бөлімшелеріне консультациялық және әдіснамалық көмек көрсетуді жүзеге асыру;
9) ішкі бақылау жүйесінің қызметін үйлестіру және қатерлерді басқару;
10) нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштерін жинау, өңдеу және талдау.


Аргандыков Тимур Сергеевич – медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау қызметінің басшысы.
Психиатр-нарколог дәрігер. Екінші біліктілік санатындағы маман.
Білімі және біліктілігі: «Дәрігер» мамандығы бойынша жоғары медициналық білім, Семей қаласының медицина университеті 2007-2012 жж.
Интернатура, Қазақстан медицина университеті, «Емдеу ісі» мамандығы, біліктілігі – жалпы тәжірибелік дәрігер. 2012-2014 жж.
Резидентура, Семей қаласының медицина университеті, «Психиатрия» мамандығы, біліктілігі – психиатр-нарколог. 2015-2017 жж.
Жұмыс тәжірибесі: 2014 жылдан бастап. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу