КР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

- Электрофизиологиялық және рентгенологиялық

Электрофизиологиялық және рентгенологиялық зерттеулер зертханасы РПДҒПО-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бағыты:

Қазіргі уақытта психиатрияда зерттеудің нейрофизиологиялық әдістері церебралды жүйелердің жай-күйін білдіретін барынша барабар, көпке танылған түрі болып табылады. Оның белсенділігі психикалық қызметт механизмдерін зерттеуге негіз болады. Бұдан басқа, көптеген психикалық бұзылулар түрлі соматикалық патологиямен қатар жүреді, оны анықтау үшін зерттеудің басқа да параклиникалық әдістері де қажет.

Қызметтер:

  • Электроэнцефалография (ЭЭГ)
  • Видео-ЭЭГ мониторинг
  • Мойын, бас тамырларының, қол мен аяқ тамырларының ультрадыбыстық допплерографиясы (УЗДГ)
  • Эхоэнцефалография (ЭхоЭГ)
  • Электронейромиография (ЭНМГ)
  • Электрокардиография (ЭКГ)
  • Құрсақ қуысы ағзаларының, бүйрек, кіші жамбас ағзаларының, қалқанша бездің, қалқанша безінің, қуықасты безінің, қуықтың ультрадыбыстық зерттеуі (УЗИ)
  • Флюорография
  • Электрофизиологиялық және рентгенологиялық зерттеулер зертханасы бағалар прейскурантына сәйкес амбулаториялық қабылдауларды жүзеге асырады.

Бағалар прейскуранты

Зерттеу түрі

Бағысы  теңге

Клиникалық ЭЭГ

3462

Ұйқыны күндіз жазбаға түсіру 1,5 сағат

11107

Ұйқыны күндіз жазбаға түсіру 1,5 сағаттан 3 сағатқа дейін

14065

Ұйқыны күндіз жазбаға түсіру 3 сағаттан 6 сағатқа дейін

20276

Түнгі ЭЭГ видеомониторингі (бастапқы) 12 сағат

31052

Түнгі ЭЭГ видеомониторингі (қайталама) 12 сағат

25960

Тәуліктік ЭЭГ видеомониторингі (бастапқы) 24 сағат

46744

Тәуліктік ЭЭГ видеомониторингі (қайталама) 24 сағат

42379

ЭхоЭГ

1889

Мойын мен бас тамырларының, қол мен аяқ   

тамырларының ультрадыбыстық зерттеуі (УЗДГ)

3485

Электрокардиография

1135

Флюорография

900

Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ

3166

Гинекологиялық аурулар кезіндегі УЗД

3004

Қалдық несепті анықтай отырып жасалатын қуық УДЗ

2410

Сүт безінің УДЗ

3166

Зертхана ұжымы:

Дина Жаксылыққызы Ысмағұлова – электрофизиологиялық және рентгенологиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі, жоғары санатты функционалдық диагностика дәрігері

Білімі мен біліктілігі:

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған.

Жалпы еңбек өтілі 34 жыл, мамандығы бойынша 29 жыл.

Функционалдық диагностика бойынша: Мәскеу қаласындағы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында, Мәскеу қаласындағы А.В. Вишневский атындағы хирургия институтында, Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында және Барнауыл қаласындағы Мемлекеттік дипломнан кейінгі білім беру медициналық университетінде маманданған.

Иван Юрьевич Ситников – функционалдық диагностика дәрігері

Білімі мен біліктілігі:

«Педиатрия» мамандығы бойынша С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ді тәмамдаған. Мәскеу қаласында эпилептология бойынша маманданған. Бірінші санатты дәрігер.

Жалпы еңбек өтілі – 12 жыл, мамандығы бойынша – 5 жыл.

Александра Ивановна Потапова – функционалдық  диагностика дәрігері  

Білімі мен біліктілігі:

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған.

         Жалпы еңбек өтілі – 46 жыл, мамандығы бойынша – 34 жыл.

Бақыттыбала Сарқытбекқызы Ахметжанова –УЗД дәрігері

Білімі мен біліктілігі:  

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған

Сәулелік диагностика, ұрықтың дамуындағы туабітті ақаулардың перинаталдық диагностикасы және бауыр ісіктерінің заманауи сәулелік диагностикасы бойынша маманданған.

Жалпы еңбек өтілі – 20 жыл, мамандығы бойынша – 6 жыл.

Ксения Юрьевна Карпунина – рентгенолог-дәрігер.

Білімі мен біліктілігі:

«Емдеу ісі» мамандығы бойынша Қазақстан-Ресей медицина университетін тәмамдаған.

Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында «Сәулелік диагностика» мамандығы бойынша резидентура тәмамдаған.

Жалпы және мамандығы бойынша еңбек өтілі – 4 жыл.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу