- Балалар-жасөспірімдер психиатриялық бөлімшесі
Балалар-жасөспірімдер психиатриялық бөлімшесі РПДҒПО-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімше 40 орынға арналған. Психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстардан зардап шегетін 3 жастан бастап 17 жастан 11 ай 29 күн асқанға дейінгі балалар мен жасөспірімдерге стационар жағдайларында мамандандырылған жоғары білікті емдеу-диагностикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ науқастарды мектепке, еңбекке, әлеуметтік бейімдеу және оңалту мәселелерін шешуге көмектеседі.
Бөлімшеге емдеуге жатқызу және шығару «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 125, 126, 128, 129-баптарына сәйкес жүргізіледі. Кәмелетке толмағандар психиатриялық стационарға ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің жазбаша келісімімен ғана орналастырылады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 116, 118, 125, 126).
Қызметтер:
Бөлімшеде әрбір пациент төмендегідей зерттеп-қараудың барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі:
- психологиялық
- логопедтік зерттеп-қарау
- педиатрдың
- невропатологтың
- гинекологтың
- дерматологтың
- хирургтің консультациясы.
- ЭКГ, ЭЭГ, РЭГ, ЭХОЭГ, зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
Тұрақты түрде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің, Қазақстан-Ресей медицина университетінің психиатрия және наркология кафедраларының ғылыми қызметкерлерінің (медицина ғылымдарының профессорлары, доценттері, докторлары, кандидаттары) консультациялары жүргізіледі.
Оқу жылының уақыты қыркүйек пен мамыр айларының аралығында 3 түрлі оқу бағдарламасы бар мектеп жұмыс істейді (жалпы, психикалық дамудың тежелуі, қосалқы).
Бөлімшеде тұрақты түрде ҚР аумағында атап өтілетін түрлі мерекелерге арналған бұқаралық мерекелік іс-шаралар өткізіледі.
Бөлімшеде пациентке қамқорлық пен жылылық сыйлайтын қолайлы атмосфера жасалған. Барлық қызметкерлер 3 жастан жоғары балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген. Әр баланың және олардың ата-аналарының тілін таба біледі. Дөрекілік пен агрессияны болдырмау мақсатында әрбір қызметкердің іс-қимылы басшылық тарапынан қатаң бақылауға алынған.
Бөлімше ұжымы:
Марина Владимировна Вихновская – бөлімше меңгерушісі.
Білімі мен біліктілігі:
Алматы ҚазҰМУ-дің педиатрия факультетін тәмамдаған (1997 ж.), балалар психиатр-дәрігері.
Біліктілікті арттыру:
Ересектер мен балалар психиатриясы бойынша бастапқы мамандану. Тұрақты түрде мамандығы бойынша білімін жетілдіру тәжірибесін арттырып отырады.
Еңбек өтілі 20 жыл.
Юлия Михайловна Турикова – ординатор-дәрігер
Білімі мен біліктілігі
Алматы ҚазҰМУ-дің педиатрия факультетін (2007 ж.), С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Психиатрия, психотерапия және наркология» мамандығы бойынша резидентурасын (2007 ж.) тәмамдаған.
Еңбек өтілі: 10 жыл.
Балалар-жасөспірімдер психиатриялық бөлімшесінің персоналы жоғары және бірінші санаттағы мейіргерлерден, жоғары педагогикалық білімі бар кіші медицина көмекшілері мен тәрбиешілерден тұрады. Барлық қызметкерлердің 3 жастан басталатын балармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу тәжірибесі мол. Әрбір баланың және олардың ата-аналарының тілін таба біледі.
Балалар-жасөспірімдер психиатриялық бөлімшесіне жоспарлы емдеуге жатқызуға қажетті құжаттар
- Психиатр-дәрігердің жолдамасы немесе портал арқылы жоспарлы емдеуге жатқызу талоны. Бөлімшеде орын болған жағдайда өздері жүгінгендерді емдеуге жатқызуға болады;
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Баланың ЖСН-інің көшірмесі;
- Ата-анасының немесе қамқоршысының куәлігінің көшірмесі;
- Екпе картасының (63-нысан) көшірмесі немесе профилактикалық екпелерден медициналық бас тарту себептері көрсетілген құжат;
- Мектептен немесе басқа мектепке дейінгі мекемеден мінездеме;
- Баланың амбулаториялық картасы;
3 күнге дейін жарамды:
- Эпидемиологиялық ортасы туралы анықтама;
10 күнге дейін жарамды:
- ЭКГ;
- Жалпы қан анализі;
- Жалпы несеп анализі;
- Қанның биохимиялық анализі (билирубин, АЛТ, АСТ, қант);
- Ішек құрты жұмыртқаларының анализі;
- Hbs Аg қан анализі;
1 жылға дейін жарамды:
- Кеуде қуысы ағзаларының 15 жастан кейінгі флюорографиясы.
Күн тәртібі
07.00 | Науқастарды ояту |
07.00 – 08.00 | Гигиеналық процедуралар |
07.30 –08.30 | Анализдер алу |
08.30 – 09.00 | Таңғы ас |
09.00 –10.00 | Таңғы рәсімдер, тағайындауларды орындау |
09.30 – 11.00 | Дәрігерлік талдау, дәрігерлік аралау |
10.00 – 12.30 | Қажетті зерттеп-қарау жүргізу, мамандардың консультациясы. Мектептегі сабақ. Туыстармен кездесу. Серуендеу |
12.30 – 13.30 | Түскі ас |
13.30 – 14.00 | Тағайындауларды орындау |
14.00 – 16.00 | Тынығу уақыты |
16.00 – 16.30 | Бесіндік |
16.30 – 18.00 | Туыстармен кездесу. Серуендеу. Бос уақыт |
18.00 – 18.30 | Кешкі ас |
18.30 – 20.00 | Бос уақыт. Серуендеу. Туыстармен кездесу |
20.00 – 21.00 | Тағайындауларды орындау |
21.00 – 22.00 | Гигиеналық процедуралар |
22.00 | Түнгі ұйқы |
Пациенттердің жай-күйі туралы дәрігермен әңгімелесу:
- Сейсенбі
- Сәрсенбі
- Бейсенбі
Сағ. 14.00-ден 15.00-ге дейін