- Әйелдер клиникалық бөлімі
Әйелдердің эндогендік және экзогендік бұзылулар бөлімшесі РПДҒПО-ның клиникалық емдеу-диагностикалық бөлімшесі болып табылады.
Бөлімшеде жіті және созылмалы психотикалық, ауыр депрессиялық, қияли, органикалық бұзылыстар кезінде кәсіби медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі.
Бөлімше қызметінің бағыттары:
- шұғыл (жедел) психиатриялық көмек көрсету;
- стационар шеңберінде жоспарлы диагностикалық, емдеу-профилактикалық және оңалту психиатриялық көмек көрсету;
- пациенттермен және олардың туыстарымен консультациялық жұмыс;
- психологиялық консультация беру және түзету
Қызметтер:
Бөлімше қызметкерлері амбулаториялық және стационарға емдеуге жатқызу кезінде консультация беруді жүзеге асырады. Бөлімшеде клиникалық зерттеулер, психотерапиялық, психотүзету және оңалту жұмыстары, сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің, Қазақстан-Ресей медицина университетінің психиатрия және наркология кафедраларының ғылыми қызметкерлерінің (медицина ғылымдарының профессорлары, доценттері, докторлары, кандидаттары) консультациялары жүргізіледі.
Бөлімше 35 орынға арналған. Бөлімшеде пациенттерге деген қамқорлық пен мейірімді қарым-қатынас атмосферасы жасалған.
Бөлімше ұжымы:
Айгүл Мухамедиярқызы Ембергенова – бөлімше меңгерушісі.
Білімі мен біліктілігі:
Ақтөбе мемлекеттік медицина институты (1996 ж.), жоғары санатты нарколог-дәрігер.
Б.Д. Карвасарский атындағы психотерапия және медициналық психология институтының базасында «Созылмалы психикалық ауруларды емдеу мен оңалтудың заманауи тәсілдері» тақырыбы бойынша маманданған, UNODS-тің «Treatment of children with drug use problems» өңірлік бағдарламасына қатысқан.
Жұмыс өтілі: 21 жыл.
Гүлбахрам Өркенқызы Саятова – ординатор-дәрігер.
Білімі мен біліктілігі:
Жоғары медициналық білімі бар, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша аяқтаған (2012 ж.); С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Дәрігер» мамандығы бойынша интернатура (2012-2014 жж.), С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Психиатрия, психотерапия және наркология» мамандығы бойынша резидентура тәмамдаған (2014-2016 жж.).
Орта медицина персоналы клиникалық жұмыс өтілі көп жоғары және бірінші санаттағы мамандардан тұрады.
Әйелдердің эндогендік және экзогендік бұзылулар бөлімшесіне жоспарлы емдеуге жатқызуға қажетті құжаттар тізбесі
- Жеке басты куәландыратын құжат (паспорт, куәлік);
- Тұрғылықты жері бойынша психиатр/нарколог дәрігердің жолдамасы
- Медициналық құжаттама:
- 10 күнге дейін жарамды
- ЭКГ
- жалпы қан анализі;
- жалпы несеп анализі;
- ішек құрты жұмыртқаларының анализі;
- микрореакцияға қан анализі
- 3 айға дейін жарамды
- HBsAg
- 1 жылға дейін жарамды
- кеуде қуысы ағзаларының флюорографиясы
Емдеуге жатқызу бөлімше меңгерушісінің жолдамасы бойынша да жүзеге асырылады (орын болған жағдайда).
Күн тәртібі
07.00 Науқастарды ояту
07.00 – 08.00 Гигиеналық процедуралар
07.30 – 08.30 Анализдер алу
08.30 – 09.00 Таңғы ас
09.00 –10.00 Таңғы процедуралар, тағайындауларды орындау
09.30 – 11.00 Дәрігерлік талдау, дәрігерлік аралау
11.00 – 12.30 Тағайындауларды орындау, зерттеп-қарау, мамандардың консультациясы. Туыстармен кездесу. Серуендеу
12.30 – 13.30 Түскі ас
13.30 – 14.00 Тағайындауларды орындау
14.00 – 16.00 Тынығу уақыты
16.00 – 18.00 Туыстармен кездесу
18.00 – 18.30 Кешкі ас
18.30 – 20.00 Бос уақыт. Серуендеу. Туыстармен кездесу
20.00 – 21.00 Тағайындауларды орындау
21.00 – 22.00 Гигиеналық процедуралар
22.00 Түнгі ұйқы
- Сәрсенбі Пациенттердің жай-күйі туралы дәрігермен әңгімелесу:
- Сейсенбі
- Бейсенбі
Сағ. 14.00-ден 15.00-ге дейін