Sample Sidebar Module

This is a sample module published to the sidebar_top position, using the -sidebar module class suffix. There is also a sidebar_bottom position below the menu.

Басты бет

Орталық туралы

Пациенттерге

Ғылым және білім

Баспасөз қызметі

Ақпарат

Sample Sidebar Module

This is a sample module published to the sidebar_bottom position, using the -sidebar module class suffix. There is also a sidebar_top position below the search.

Сайт ішіндегі іздеу

Тіркелу

Сенім телефоны: + 7 (727) 272-38-09

ОРТАЛЫҚТЫҢ ТАРИХЫ

     Жан күйзелісіне ұшыраған адамдарға арналған 5 төсектік 10 адам сыятын Верный ауруханасының негізі 1896 жылы қазан айында қаланды. Оны басқаруға Қазан университетінің түлегі, психиатр-дәрігер А.С. Кузьмицкий тағайындалып, нағыз психиатриялық көмек көрсету қолға алынды. Аурухана ауқымын кеңейте отырып, қазіргі аумақта тұрақтағанға, яғни 1923 жылға дейін мекенжайын екі рет өзгертті.   

Аурухана 1935 жылы Алматы медицина институтының клиникалық базасына айналды.

1949 жылы Қазақстанда алғаш рет балалар бөлімшесі ашылды.

1958 жылы науқастарға қызмет көрсетудің екі сатылы жүйесі енгізілді.

1963 жылы күндізгі стационар ашылып, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі құрылды, сондай-ақ аурухана базасында республикадағы психиатр-дәрігерлердің біліктілігін арттырудың алғашқы циклі өткізілді.

1967 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкімімен ауруханаға Республикалық мекеме статусы берілді.

1970 жылы емдеу-еңбек кешенінің құрылысы аяқталды.

1987 жылы невроз бөлімшесі ашылды, оның базасында 1997 жылы Республикалық психотерапиялық орталық ұйымдастырылды.

2002 жылы Республикалық клиникалық психиатрия ауруханасы Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығына өзгертілді.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жекелеген кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы               № 880 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосылу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РПДҒПО) болып бақылау кеңесін енгізу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Бүгінде РПДҒПО республика халқына мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республиканың ірі ғылыми-практикалық қызмет орталығы болып табылады.

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының миссиясы, пайымы, қызмет қағидаттары

Миссиясы

Дәлелді медицина қағидаттарына негізделген инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу арқылы ҚР азаматтарының ментальды денсаулығын нығайту.

 

Пайымы  

Ғылыми, клиникалық және білім беру практикасында үздік инфрақұрылымы мен интеграциясы бар Орталық-Азия өңіріндегі психикалық денсаулық саласындағы жетекші ғылыми орталық.

Қызмет қағидаттары

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы  (бұдан әрі – РПДҒПО) қызметінің қағидаттары (бұдан әрі – Қағидаттар) РПДҒПО-ның алдыңғы қатарлы ғылыми-практикалық орталық болып қалыптасуында ажырамас бөлік болмақ. Қағидаттар халықаралық стандарттарға сәйкес психиатриялық және наркологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру миссиясын қолдауда сенімді негізге айналады.  

РПДҒПО-ны алдыңғы қатарлы модельге қайта құрылымдауда Қағидаттар рөлінің маңыздылығына байланысты басшылық күнделікті қызметте Қағидаттарды қолдауға және соған сүйенуге тікелей жауапты болады. Сонымен бірге Қағидаттармен байланысты құндылықтарды тасымалдаушы ретінде Орталық басшылығы ұйымның барлық қызметкерлері үшін үлгі болмақ.

  1. Жоғары сапа және көшбасшылық – қызметті жүзеге асыру кезінде ең жоғары сапаға қол жеткізуге ұмтылу және денсаулық сақтау саласындағы озық стандарттарды сақтау.
  2. Инновациялар және креативтілік – қызметтің барлық аспектісінде жаңа үздік идеялар жасау және оны қолдану ашықтығын, сондай-ақ кадрлардың интеллектуалдық әлеуетін барынша ашу үшін жағдайлар жасауды білдіреді.
  3. Жауапкершілік және сенімділік – халықтың, қызметкерлердің, мемлекеттің үмітін іске асыруға және тұрақты дамуға бағытталған.
  4. Тілектестік және құрмет – психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар адамдардың физикалық, эмоционалдық, психологиялық жай-күйіне және олардың отбасыларына тілектестік және құрмет білдіру.
  5. Адалдық және ашықтық – мүдделі тараптар мен адамдар алдында ашықтық және объективті есеп беру саясатын білдіреді.
  6. Үйлесімділік және бірлік – ортақ мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолындағы қызметтің барлық компоненттері мен процестерінің синергиясын білдіреді.