ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

Еліміздегі психикалық денсаулық орталықтарының саны қанша және олар қайда орналасқан? Олардың саны жеткілікті ме? Сыйымдылығы қандай?

Қазақстанда психикалық белсенді заттарға (ПБЗ) тәуелділігі бар науқастарға 14 облыс орталығында және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қызмет ететін Психикалық денсаулық орталықтарында стационарлық деңгейде медициналық-әлеуметтік көмек көрсетіледі (барлығы 3782 төсек-орын). 2021 жылы 22 мыңға жуық науқас стационарлық емеуден өтсе, оның ішінде шамамен 3000 емделушінің есірткі құралдары мен психотроптық заттарға тәуелділігі болды.

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының филиалы (Павлодар қ.) жиырма жыл бойы ПБЗ-ға тәуелділігі бар адамдарға медициналық-әлеуметтік оңалтудың кешендік бағдарламасын көрсетіп келеді.

Медициналық-әлеуметтік оңалту медициналық және әлеуметтік іс-шаралардың кешендік, өзара байланысты жүйесін қамтиды, үш кезеңнен тұрады және физикалық тәуелділіктен арылуға, психикалық тәуелділікке бақылау орнатуға, биологиялық және әлеуметтік дағдыларды қалпына келтіруге, нашақорлыққа қайта ден қоюға төзімділікті қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған.

2021 жылы РПДҒПО филиалында 793 науқас, оның ішінде есірткіге тәуелділігі бар 521 адам емдеуден өтті.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу