ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

РПДҒПО филиалында (Павлодар қаласы) емделу шарттары

ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсынады, нысаны – стационарлық, түрі – республикалық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек. Қабылдауды санаты бар мамандар жүргізеді.

Клиникалық база әлемнің жетекші елдеріндегі осы секілді мекемелердің ең заманауи стандарттарға сай келетін қолданыстағы терапия әдістері жетілдіріліп, жаңа емдеу технологиялары енгізілетін 140 төсекке есептелген. Емдеу процесі емделіп жатқан әрбір пациент таңғы 7.30-дан түнгі 23.00-ге дейін жалпы режимде сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін әртүрлі терапияға қатыса алатындай етіп жасалған.

Орталықтың клиникасына емдеуге жатқызу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша республикалық деңгейде бөлінген мамандандырылған медициналық көмек шегінде Емдеуге жатқызу бюросы арқылы өңірлік денсаулық сақтау органдарының жолдамасы бойынша жүзеге асырылады. Орталықта ем ақылы негізде де ұсынылады.

Емделуге келіп түсетін пациенттермен терапиялық келісімшарт жасалады. Келісімшарттың талабы «тегін емделетін» пациенттерге де, «ақылы емделетін» пациенттерге де ортақ болып табылады. 

РПДҒПО клиникалық блогы қызметінің негізіне Есірткіге тәуелділерді қарқынды медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасы жатады, оның тиімділігі статистикалық талдау деректері бойынша жыл ішінде ауру ремиссиясы 15-тен 30 пайызға дейін құрайды. Бұл бағдарламаны Орталық қызметкерлері әзірлеп, сынақтан өткізді және ол ҚР-да соңғы он жыл бойы іске асырылып келеді.

Аталған бағдарламаның танымал модельдерден негізгі ерекшелігі сол, психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелді адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту стратегиясы есірткіге және алкогольге тәуелді пациенттің есірткіге қарсы тұру қасиетін жедел дамытуға бағдарланған.

Есірткімен ауыратын науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалту психикаға белсенді әсер ететін заттарға физикалық тәуелділіктен айықтыруға және психикалық тәуелділікке бақылау жасауға; бейімдеудің биологиялық және әлеуметтік дағдыларын қалыпқа келтіруге; пациенттің есірткіге және алкогольге қайта салынуына қарсы тұруын қамтамасыз ететін  оның тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған медициналық және әлеуметтік іс-шаралардың кешенді, өзара байланысты жүйесін білдіреді. 

Пациенттерді медициналық-әлеуметтік оңалту бағдарламасынан өту үшін Орталыққа жіберуге белгіленген көрсеткіштер мыналар:

ПБЗ-ға тәуелділік диагнозы (алкоголизм, наркомания, токсикомания);

Пациенттің тәуелділіктен арылуға деген өзінің ерікті қалауы (мотивация);

МӘО бағдарламасынан өту үшін келісімшарттың барлық тармақтарын сөзсіз орындауға, оның ішінде ПБЗ тұтынудан үзілді-кесілді бас тартуға келісім, нәтиже үшін жеке жауапты болу.

Қарсы көрсетілімдер:

Пациенттерде контагиозды инфекциялардың болуы (АИТВ/ЖИТС диагнозы қарсы көрсетілім болып табылмайды);

Шұғыл және қарқынды терапиялық іс-шараларды қажет ететін ауыр соматикалық жай-күй.

Оңалту орталығына жіберуге қажетті құжаттар мен диагностикалық минимум

МӘО бағдарламаларынан өтуге жіберілетін адамдардың өздерімен бірге төмендегідей құжаттары болуға тиіс:

Жеке басты куәландыратын құжат (паспорт, куәлік, анықтама);

Егер пациент МӘО бағдарламасынан өту үшін көрсетілімдерін растаса, осындай ұйымға жүгінген жағдайда бастапқы ұйымның (наркодиспансердің) анықтамасы (Емдеуге жатқызу бюросы порталынан талон және жолдама);

МӘО курсынан өтуге ерікті шешімі туралы пациенттің өтініші;

Медициналық құжаттама: жалпы қан анализі, жалпы несеп анализі, АИТВ-ға қан анализі, RW-ға қан анализі, HBs-антигенге қан анализі, кеуде қуысы ағзаларының флюорографиясы, дәрігерлердің: инфекционистің, фтизиатрдың (қосалқы В және/немесе С гепатиті, рентген кескінінде өзгерістер болған жағдайда) қорытындысы.

Пациенттерді МӘО бағдарламасына қосу үшін критерийлер:

-      қажетті құжаттаманың, оның ішінде медициналық құжаттаманың болуы және белгіленген талаптарға сәйкес келуі; 

-       МӘО бағдарламасынан өтуге қарсы көрсетілімдердің болмауы; 

-      терапиялық келісімшарт қағидаларын (терапиялық режимді) мүлтіксіз сақтау;

-       пациенттің терапиялық процеске белсенді тарту.

Терапиялық қауымдастық (қоғам) МӘО-ның емдеу-оңалту процесінің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады және есірткіге салынған адамның қалыпты өмірге оралуына ықпал ететін оңалту-терапиялық мәні бар, тиянақты құрылымдалған, практикада пысықталған жүйені білдіреді.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу