ҚР ДМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК

Қазақстан, Алматы, Амангелді к-сі, 88

- Невротикалық бұзылулар бөлімшесі

Невротикалық бұзылыстар бөлімшесі РПДҒПО-ның клиникалық емдеу-диагностикалық құрылымы болып табылады.

Бағыты:

  • Бөлімшеде төмендегідей патологиясы бар халыққа көмек көрсетіледі:
  • Бейімделудің бұзылуы
  • Көңіл-күй бұзылулары (гипомания, депрессия, посшизофрениялық депрессия)
  • Тұлғалық бұзылулар
  • Соматоформдық бұзылулар
  • Соматовегетативті бұзылулар
  • Үрейлі-фобиялық бұзылулар
  • Диссоциативті (конверсиондық) бұзылулар
  • Ұйқының бұзылуы – диссомния
  • Органикалық бұзылулар
  • Деструктивтік мінез-құлық түріндегі бұзылулар
  • Тағаммен байланысты бұзылулар (анорексия, булимия)
  • Жыныс идентификациясының бұзылуы
  • Гериартриялық бұзылулар (Альцгеймер, Пик, Гентингтон, Паркинсон ауруларының бастапқы сатысы және басқа да дементті немесе ақыл-ес кемістік жағдайы).

Қызметтер:

Бөлімше қызметкерлері амбулаториялық және стационарға емдеуге жатқызу кезінде консультация беруді жүзеге асырады. Бөлімшеде  психотерапиялық және психотүзету жұмыстары, шекаралас психикалық бұзылулары бар адамдарды оңалту, сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің, Қазақстан-Ресей медицина университетінің психиатрия және наркология кафедраларының ғылыми қызметкерлерінің (медицина ғылымдарының профессорлары, доценттері, докторлары, кандидаттары) консультациялары жүргізіледі.

Бөлімше 30 орынға арналған. Бөлімшеде пациенттерге деген қамқорлық пен жылулық сыйлайтын атмосфера жасалған.   

Бөлімше ұжымы:

Эльзира Максимовна Аймакова – бөлімше меңгерушісінің міндетін атқарушы, жоғары біліктілік санаты бар, м.ғ.к.

Білімі мен біліктілігі:

Жоғары медициналық білімі бар, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын (1993-1999 жж.), аталған академияда «Неврология» мамандығы бойынша субординатура (1998-1999 жж.), «Психиатрия» мамандығы бойынша интернатура (1999-2000 жж.), Қазақ ұлттық медицина университетінде «Психиатрия» мамандығы бойынша клиникалық ординатура (2003-2006 жж.) тәмамдаған, Қырғыз-Ресей Славян университетінде «Аралас үрейлі және депрессиялық бұзылулары бар адамдардың темекіге патологиялық құштарлығының клиникалық-психопатологиялық ерекшеліктері» тақырыбы бойынша оқудан өткен.

Шымкент қаласындағы облыстық психоневрологиялық диспансерде психиатр-дәрігер (2000-2003 жж.) ҰҚК кеден қызметінің емханасында психиатр-дәрігер болып қызмет еткен.

Біліктілікті арттыру:

Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында (2003 ж.), Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығында (2007 ж., 2016 ж.) біліктілігін арттырған.

Еңбек өтілі: 17 жыл.

Орта медицина персоналы клиникалық жұмыс өтілі көп жоғары және бірінші санаттағы мамандардан тұрады.

Невротикалық бұзылулар бөлімшесіне жоспарлы емдеуге жатқызуға қажетті құжаттар тізбесі

  • Жеке басты куәландыратын құжат (паспорт, куәлік);
  • Тұрғылықты жері бойынша психиатр/нарколог-дәрігердің жолдамасы
  • медициналық құжаттама:
  • 10 күнге дейін жарамды
  • ЭКГ
  • жалпы қан анализі;
  • жалпы несеп анализі;
  • ішек құрты жұмыртқаларының анализі;
  • микрореакцияға қан анализі
  • 3 айға дейін жарамды
  • HBsAg
  • 1 жылға дейін жарамды
  • кеуде қуысы ағзаларының флюорографиясы 

Емдеуге жатқызу бөлімше меңгерушісінің жолдамасы бойынша да жүзеге асырылады (орын болған жағдайда).

Күн тәртібі

07.00

Науқастарды ояту

07.00 – 08.00

Гигиеналық процедуралар

07.30 – 08.30

Анализдер алу

08.30 – 09.00

Таңғы ас

09.00 –10.00

Таңғы процедуралар

09.30 – 11.00

Дәрігерлік талдау, дәрігерлік аралау

11.00 – 12.30

Тағайындауларды орындау, зерттеп-қарау, мамандардың консультациясы.

Туыстармен кездесу. Серуендеу

12.30 – 13.30

Түскі ас

13.30 – 14.00

Тағайындауларды орындау

14.00 – 16.00

Тынығу уақыты

16.00 – 18.00

Туыстармен кездесу

18.00 – 18.30

Кешкі ас

18.30 – 20.00

Бос уақыт. Серуендеу. Туыстармен кездесу

20.00 – 21.00

Тағайындауларды орындау

21.00 – 22.00

Гигиеналық процедуралар

22.00

Түнгі ұйқы


Пациенттердің жай-күйі туралы дәрігермен әңгімелесу

- Сейсенбі 

- Сәрсенбі 

- Бейсенбі 

Сағ. 14.00-ден 15.00-ге дейін

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу